Мектеп кітапханашысының 2021-2022 оқу жылында өткізген іс-шара анықтамасы
№141 К.Сәбиров атындағы орта мектеп кітапханасында
25 қыркүйек– Тілдер мерекесіне орай «Тіл тұтастығы,
Ел тұтастығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесі аясында ақын-жазушылардың
шығармаларын оқу, жаттау және жатқа
айту міндеттелді.
Мақсаты: Оқушылар арасындағы тіл тазалығына баса назар аударып, ой-өрісін дамыту. Сондай-ақ, арқалы ақындарымыздың шығармашылығымен таныстырып, өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқыту. Көрмеге қойылған әдебиеттермен, авторлармен танысу.
Мектеп кітапханашысы: Т.Нурсейтова
№141К.Сәбиров атындағы орта мектеп
кітапханасында 30-тамыз Конституция
күніне«Ардақты Ата заңым»
тақырыбында кітап көрмесі
Анықтама
Мақсаты:Ата заң қоғамдағы толымды өмірге даярлау,оларды қоғамдық мәні бар және шығармашылық белсенділігін дамыту,әлемдік өркениеттіңжалпы адамзатқа тән құндылықтары негізінде оларды жоғары имандылық қасиеттерге,елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу ,олардың бойында ұлттық сана-сезімді қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйене отырып,Қазақстанның Конститутциясынада кепілдік берілген негізгі құқықтары мен мүдделерін іске асыру жайында ұғындыру.
Кітап көрмесіне қойылған кітаптар тізімі.
1.Ө.Қопабаев,Қ.Айтхожин,Н.Қыдырқожаев,Ғ.Жайлин,А.Жұмағали
Алматы «Мектеп»2006 баспасы 4-27бет
2.Н.Назарбаев
Еуразия жүрегінде.Алматы «Атамұра»2005
3.Е.Шаймерденов,Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Рәміздері «Алматыкітап»баспасы 2008
4.Н.Назарбаев
Қазақстан 3 тілді «Алматыкітап »баспасы 2010
5. Е.Шаймерденов
ҚР-ның Мемлекеттік Әнұраны « Алматыкітап»2008
Мектеп кітапханашысы: Т.Нурсейтова
№141 Қ.Сәбиров атындағы орта мектеп
кітапханасында «Кітапхана және оқырман»тақырыбында өткізілген
іс-шара анықтамасы.
Мақсаты: Оқырмандарды кітап оқуға тарту, кітап оқуды дәріптеу, кітап пен оқырман арасындағы байланысты нығайта түсу. Балалардың бойына отансүйгіштікті, білімқұмарлықты, оқуға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Мектепішілік өткізілген шарада 9-сынып оқушылары өздерінің оқыған кітаптары арқала мейірімділікке, ізгілікке және танымдық қабілетін арттырып, интеллектуалды, өнерлі де жігерлі, шығармашыл, еркін ойлай алатын жеке тұлға етіп тәрбиелейтіндігі жайында өздерінің пікірлерін ортаға салды. Шараға ауыл кітапханашысы Қожабекова Қыдыркүл апай қатысып,кітапты оқу арқылы дүниетанымдарын,ақыл ойын, шығармашылдығын дамытуға болатындығын айтып өтті, сонымен қатар ауылдық кітапқанадағы жаңа келген кітаптармен таныстырып өтті.
Шараға мектебіміздің директоры С.Әбуұлы қатысып, кітап оқу арқылы адам баласы өзін жан-жақты дамыта алатыныны тоқталды және өзінің жеке кітапханасынана мектеп кітапханасына бірнеше кітаптарды сыйға тартты.
Мектеп кітапханашысы: Т.Нурсейтова
«№141 Қ.Сәбиров атындағы орта мектебі КММ»
2022ж 3-12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану:
Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»
атты он күндік жоспарына сәйкес мектеп
кітапханасында жасалған « Мейірімді ана»
тақырыбындағы кітап көрмесінің анықтамасы
Мектепте кітапханасында«Өзін-өзі тану»пәнініңрухани адамгершілік білім беру
бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның еңбектері жайлы таныстыру мақсатында
« Мейірімді ана» тақырыбында кітап көрмесі өткізілді
Мақсаты:Мектеп оқушыларын рухани адамгершілікке тәрбиелей отырып,әрбір оқушыны мейірімділікке баулу.
Көрме материалдары төмендегіше оқырмандарға ұсынылды
1.С.А.Назарбаеваның Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Министрлігі бастамасымен ұсынған «Өзін-өзі тану»пәні бойынша жаңартылған
оқу бағдарламасы негізінде әзірленген 1-11 сыныптар аралығындағы оқулықтар.
2. .С.А.Назарбаеваның Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Министрлігі бастамасымен ұсынған «Өзін-өзі тану»пәні бойынша жаңартылған
оқу бағдарламасы негізінде әзірленген 1-11 сыныптар аралығындағы мұғалімге
арналған әдістемелік құралдары.
3. С.А.Назарбаеваның портреттері.
Мектеп кітапханашысы: Т.Нурсейтова
«№141 Қ.Сәбиров атындағы орта мектебі КММ»
кітапханасында «Ғасырдың ғажап тұлғасы»
тақырыбындағы кітап көрмесінің анықтамасы
Анықтама
Қараша айында мектеп кітапханасында «Ғасырдың ғажап тұлғасы » атты кітап көрмесі жасалды.Көрмеге қойылған кітаптарға тарихи шолу жасалып,насихатталды.
Мақсаты:Ел тәуелсіздігінің 30 жыл қарсыңында мемлекетіміздің ширек ғасырдан аса откен жолындағы табысымен қиындықтарын Елбасының « Қазақстан жолы »кітабы арқылы оқушыларға мәлімет бере отырып ,оларды ұлтжандылыққа ,отансүйгіштікке ,адамгершілікке тәрбиелеу .Жас ұрпаққа Елбасымыздың сан қырлы талант иесі,құрметті тұлға екенін таныту.
Мектеп кітапханашысы : Т.Нурсейтова
2022 жылдың 16 ақпан күні Ж.Махамбетов атындағы
№43 орта мектеп кітапханашылары "Оқуға құштар
мектеп"жобасы аясында "100 жаңа оқулық"
тақырыбында BOOKDATING ұйымдастырды.
.
Анықтама
Мақсаты: Кітап алмасу, кітап мазмұнын таныстыру және өзгелерге оқуға ұсыну мақсатында белсенділік танытып, қатысқан оқушыларымыз оқыған шығармаларын аса қызығушылықпен мазмұндап, қазақстандық жазушылардың түрлі кітаптарын оқуға ұсынды.
Кітап құмарлар алаңына мектебіміздің кітапханашысы және оқушыларымен қатар Жаңақорған ауданы С.Сапарбеков атындағы №125 орта мектебі, №163 орта мектебі, №110 мектеп-лицейі.Ж.Махамбетов атындағы №43 орта мектеп кітапханашылары бірге оқушыларымен шараға онлайн ZOOM платформасы арқылы байланысқа шықты.
Мектеп кітапханашысы: Т.Нурсейтова