Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының 2025-2026 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары » №141 К.Сәбиров атындағы орта мектебі
Қызылорда облысының білім басқармасының
Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№141 К.Сәбиров атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7243) 24-18-12
Есепші бөлімі:
+7(7243) 24-18-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының 2025-2026 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары
20
ноябрь
2025

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының 2025-2026 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары

«БЕКІТЕМІН»

№141 К.Сәбиров атындағы орта мектеп директоры

_________________А.Нурманова

«___» ____________  2025 жыл











№141 К.Сәбиров атындағы орта мектепте «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын 

жүзеге асыру бойынша жұмыс жоспары

2025-2026 оқу жылы 


Қазақстан Республикасы  Оқу-ағарту Министрінің міндетін атқарушы  бұйрығының (№194, 30.07.2024)2-қосымшасына сәйкес 

(ҚР Оқу-ағарту министрі бұйрығы 26.05.2025ж. №123 бұйрығымен толықтырулар, 

өзгертулер «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы)












І. 2024-2025 оқу жылындағы тәрбие жұмысына талдау есебі ( SWOT )

№141 К.Сәбиров атындағы орта мектебінде 2024-2025   оқу  жылында  атқарылған тәрбие жұмысына  

SWOTталдауы


Күшті жақтары

Әлсіз жақтары



1.Сынып оқушыларының мектепішілік шараларда белсенділік танытуы, қосымша білімге , үйірме, спорттық секцияларға қызығушылықтарының артуы

2. Мектепішілік тәуелсіздік және отаншылдық, ,рухани-танымдық тәрбие бағытында жұмыстардың өз дәрежесінде атқарылуы, оқушылардың туған жерге деген құрмет сезімдерінің артуы және рухани құндылықтарын қалыптастыруы

3. Мектепте жоба жұмыстарының жолға қойылуы және балалардың қызығушылығының артуы


1. Сынып жетекшілердің сынып сағатын, сыныптан тыс жұмыстарды  ұйымдастыруда  бірізділіктен ажырамауы, сынып сағатының формасын түрлендірмеуінде,  

2. Сыныптан тыс жүргізілетін үйірмелердің белгілі бір нәтижеге толықтай бағытталмауы

Мүмкіндіктері

Қауіптері


  1. Үштік одақтың байланысы арқылы тәрбие процесін дамытуға мүмкіндік бар
  2. Мектепішілік ата-аналар комитеті, қамқоршылық кеңес жұмысы арқылы оқушылардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына ата-аналарды мектепке тарту, жауапкершіліктерін арттыру бағытында мүмкіндік бар


1.Құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарға ата-аналардың немқұрайлы қарауы

2. Жекелеген сыныптар бойынша ата - аналардың балаларын сабаққа қатыстыруда әлсіздік танытуы






ІІ. Білім беру ұйымдарындағы «Адал азамат» бағдарламасының идеясы:

«Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» үштаған ұғымы

Принципі: «Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік, мақсатымыз – өрлеу»


ІІІ . «Адал азамат» негізіндегі тәрбие жұмысының мақсат, міндеттері, мазмұны:

Бағдарламаның мақсаты:

  • қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.


Бағдарламаның міндеттері:

  • Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу:
  • отанға, өз халқына, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу;
  • адалдық, әділдік, мейірімділік, ар-ұят пен қамқорлық, қайырымдылық және басқа да адамдық қасиеттерді дамыту;
  • табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
  • Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту:
  • елінің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін ұялату;
  • отбасы, қоғам және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру;
  • Өз құқығы мен бостандығы, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға дайын болуға баулу;
  • әлеуметтік маңызы бар қызметке белсенді қатысуға тәрбиелеу.
  • Парасаттылық пен адалдықты қалыптастыру:
  • басқалармен қарым-қатынаста адал әрі әділ болуға және әдептілік нормаларын ұстануға тәрбиелеу;
  • өз іс-әрекеттері мен сөздері үшін жауапкершілікті түсінуге тәрбиелеу;
  • еңбексүйгіштік пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру;
  • біреудің еңбегі мен мүлкін құрметтеуге тәрбиелеу.
  • Білім алушының жеке басының үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау:
  • әрбір білім алушыны тәрбиелеу мен оқытуда даралау мен саралау тәсілдемелерін қамтамасыз ету;
  • білім беру ортасында жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал қалыптастыру;
  • ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету;
  • отбасын білім беру ұйымдарындағы тәрбие процесіне тарту.

Бағдарламаны іске асыру тетіктері:


  • Білім беру процесінің барлық қатысушыларының өзара іс-қимылын көздейтін  біртұтас тәсілдеме
  • Білім алушылардың мүдделері мен қажеттіліктерін  ескере   отырып,  вариативтік
  • бағдарламаларды әзірлеу
  • Сынып-кураторлық жүйе шеңберінде құндылықтарды қалыптастыру, яғни  сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шаралар
  • Бағдарламаның құндылық бағдарларына сәйкес жалпы іс-шаралардың мазмұнын кеңейту
  • Тәрбие процесіне отбасы мен қоғамдық ұйымдарды тарту
  • Бағдарламаны іске асыруды тұрақты ішкі бақылау және тиімділігін бағалау

1

Бағдарлама мазмұны:

Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;

Қазан айы – тәуелсіздік және отаншылдық айы;

Қараша айы – әділдік және жауапкершілік айы;

Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айы;

Қаңтар – заң және тәртіп айы;

Ақпан – жасампаздық және жаңашылдық айы;

Наурыз – тәуелсіздік және отаншылдық айы;

Сәуір – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;

Мамыр – бірлік және ынтымақ айы.


Күнделікті іс-шаралар:

«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» – үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру – асық, тоғызқұмалақ, т.б. 

«Өнегелі 15 минут» – ата-аналардың 15 минут ішінде өзекті моральдық тақырыптардың бірі бойынша баласымен күнделікті жеке әңгімелесу өткізуі. 

«Үнемді тұтыну» – жадынамалар, нұсқаулықтар және т.б. арқылы суды, азық-түлікті, энергияны және табиғи ресурстарды тұтыну бойынша күнделікті іс-әрекеттер арқылы табиғи ресурстарға (су, энергия) ұқыпты қарауды қалыптастыру. 

«Күй күмбірі» –күйлерді қоңыраулардың орнына пайдалану, сондай-ақ үлкен қаңырауларда күй қосып қою.

Апталық іс-шаралар:

«Менің Қазақстаным»: оқу аптасының басында бірінші сабақта білім алушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайды.

«Аптаның дәйексөздері» –мақал-мәтелдер, халық даналығы, тәрбиелік мәні бар көрнекті тұлғалардың нақыл сөздері оқудан тыс бүкіл ұйымның қызметі. Аптаның дәйексөздері ақпараттық стендтерде Led-экрандарда, тақталарда орналастырылады.

«Қауіпсіздік сабағы» – білім алушылардың жеке қауіпсіздігін, қауіпсіз жүріс-тұрысын сақтауы, оның ішінде жол қозғалысы ережелерін, тіршілік қауіпсіздігі негіздерін сақтау мақсатында  сынып сағаты аясында 10 минут қауіпсіздік сабағы өтікізілсін. 

Апта сайын сынып сағаттарын өткізу аясында білім алушылардың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жүзеге асырылады. Сынып сағаттарының мазмұнына келесі профилактикалық іс-шаралар біріктіріледі: 

  • Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам; 
  • Буллингтен қорған! 
  • Ойынға салауатты көзқарас; 
  • Өмірге салауатты қадам; 
  • Қоғамдық мүлікті қорға! 
  • Қауіпсіз қоғам.








2025-2026 оқу жылындағы атаулы күндер тізбесі


  • Қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, саяси қайраткер Абай (Ибраһим) Құнанба­евтың туғанына 180 жыл (10.08.1845–1904). 
  • Жазушы, қоғам қайраткерi, Кеңес Одағының батыры Мәлiк Ғабдуллиннiң туғанына 110 жыл (15.11.1915–2.11.1973) 
  • Қазақтың тұңғыш романының авторы, ақын, публицист, мәдениет және қоғам қайраткерi Мiржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл (21.11.1885–05.10.1935). 
  • Жазушы, қазақ балалар әдебиетiнiң негiзiн салушы Сапарғали Ысқақұлы Бе­галиннiң туғанына 130 жыл (24.11.1895–05.03.1983) 
  • Көрнектi ағартушы, тарихшы, публицист, лингвист, географ, музыка зертте­ушi, археолог, этнограф Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 190 жыл (1835–1865) 
  • Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл (24.12.1910–10.06.1982). 
  • Қазақ поэзиясының алыбы, ақын, ұлы жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл (1846–1945) 
  • Қоғам және мемлекет қайраткерi, Алаш қозғалысының жетекшiсi Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 160 жыл (25.03.1866–1937). 
  • Педагог, қоғам қайраткерi Ахмет  Қуанұлы   Жұбановтың туғанына 120 жыл (29.04.1906–1968). 







  ІV. Бағдарламадан күтілетін нәтижелер

Бағдарламаны дәйекті және кешенді іске асыру нәтижесінде білім берудің барлық деңгейіндегі ұйым түлектерінің бойында құндылықтар мен негізгі құзыреттері қалыптастыру және дамыту күтіледі:

Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық 

Құзыреттілік: ұлттық мүддені дамыту

Бастауыш мектеп түлегі:

мемлекеттік тілді білу және құрметтеу;

мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету және өз еліне сүйіспеншілік таныту;

дәстүрлерді сақтау және құрметтеу;

отбасының құндылығын түсіну;

тарихи және мәдени мұраны зерттеуге қызығушылық таныту;

қоршаған ортаға қамқорлық жасау.

Негізгі орта мектеп түлегі:

Қазақстанның тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін, оның тәуелсіздігін және оны сақтаудың маңыздылығын түсіну; 

Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне құрмет көрсету;

Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне, ұлттық мерекелерге құрмет көрсету;

азаматтық және ұлттық бірегейлікті түсіну; 

мемлекеттік тілді меңгеру; 

Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау және оны әрі қарай дәріптеу бойынша волонтерлік қызмет пен жобаларға қатысу; 

әр түрлі ұлт өкілдерімен сыйластық қарым-қатынас; 

Қазақстан азаматының міндеттерін орындауға, өз елінің мүдделері мен құндылықтарын қорғауға дайын болу.

Жалпы орта мектеп түлегі:

халықпен/ мемлекетпен бірлікті және өз мемлекетінің дамуы үшін жеке жауапкершілікті түсіну;

ұлттық және мәдени бірегейлікті түсіну;

мемлекеттің тарихи және мәдени мұрасын, дәстүрлерін, мерекелерін құндылық ретінде бағалау; 

мемлекеттік тілді жетік меңгеруге және оны белсенді қолдануға ұмтылу; 

отандық және әлемдік мәдениетті танудың құралы ретінде оқуға деген тұрақты қызығушылық; 

Отанын қорғауға дайын болу, халық пен мемлекеттің егемендігі мен қадір-қасиетін дәлелді түрде қорғай білу.

Құндылық: бірлік және ынтымақ

Құзыреттілік: тиімді коммуникация

Бастауыш мектеп түлегі:

командада жұмыс істеу, бір-бірін тыңдау және ортақ мақсатқа жетуде бірлесіп әрекет ету;

өз ісіне мұқият болу және басқаларға көмек көрсету;

басқаларға құрмет көрсету және олардың ерекшелігіне төзімді болу;

бірлескен жетістіктерге ұмтылу және ұжымдық күш жігерді ынталандыру;

тапсырмаларды орындауда және мәселелерді шешуде бір-біріне көмектесу.

Негізгі орта мектеп түлегі:

қоғамдағы әлеуметтік нормаларды, ережелерді білу және түсіну;

сенімді қарым-қатынас орнату және сыныпта жағымды ахуалды сақтай білу;

тек өзі үшін ғана емес, жалпы ұжым үшін де жауапты болуға дайын болу;

бірлескен іс-әрекет пен өзара іс-әрекет кезінде басқалардың пікірлері мен сезімдерін құрметтей білу;

басқалармен жағымды қарым-қатынас орната білу және қоғамдық өмірге үлес қосу.

Жалпы орта мектеп түлегі:

әлеуметтік, іскерлік және ресми контексте жалпы және ұлттық этикет нормаларын қолдану; 

ортақ мақсатқа жету үшін басқалармен бірлесіп әрекет ету және өзіне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындау;

басқа адамның сезімін және эмоционалды жай-күйін түсіну;

қоғамның игілігіне, қоршаған ортаны қорғауға және адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған іс-әрекеттер мен шешімдерде қоғам алдындағы міндеттерді жүзеге асыру және орындау; 

мектептегі және мектептен тыс іс-шаралар мен волонтерлік қызметте басқаларға көмектесуге және қоғамдық пайдалы істерге қатысуға дайын болу.

Құндылық: әділдік және жауапкершілік

Құзыреттілік: қоғамға қызмет

Бастауыш мектеп түлегі:

шындықты айту;

достыққа адал болу;

жақсылық пен жамандықты, әділдік және әділетсіздікті ажырата білу;

өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарау;

заттар мен мүлікті ұқыпты ұстау.

Негізгі орта мектеп түлегі:

өз әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру;

әдеп нормасына сәйкес өзінің және басқалардың іс әрекеттерін талдау;

оқу тапсырмасын орындауда табандылық таныту;

берілген ортақ іс үшін  ұжым алдындағы жауапкершілікті түсіну;

басқаға көмектесуге, мейірімділік танытуға дайын болу;

Жалпы орта мектеп түлегі:

нәсіліне, жынысына, жасына, дініне және басқа да ерекшеліктеріне байланысты кемсітусіз барлық адамдар үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз ету қағидаттарын басшылыққа ала білу; 

әр адамның еңбегін мен қадір-қасиетін әділ бағалау, оның жеке басына құрмет көрсету және қарым-қатынаста сыпайылық таныту қағидаттарын басшылыққа ала білу;

қаржылық, материалдық және уақыт ресурстарын ұтымды және ұқыпты қолдану;

белгіленген стандарттардың, нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз ету және оған сәйкес әрекет ету; 

тапсырманы жоспарланған мерзімге сәйкес уақытылы және сапалы орындау.

Құндылық: заң және тәртіп

Құзыреттілік: азаматтық борыш және парасаттылық

Бастауыш мектеп түлегі:

өз құқықтары мен міндеттерін білу, әдеп нормаларын ұстану, сыныптағы және мектептегі мінез-құлық ережелерін сақтау; 

қауіпсіздік ережелерін, оның ішінде жол қозғалысы ережелерін білу және сақтау;

педагогтерге немесе ата-аналарға проблеманың алдын алу және шешу үшін шаралар қабылдауда көрген немесе білетін қауіптер туралы хабарлау;

кемсітушілік пен қудалаудың кез-келген түрінен аулақ бола отырып, педагогтердің, сыныптастарының құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеу.

Негізгі орта мектеп түлегі:

құқықтық жүйе мен адам құқығы негіздерін білу;

тәртіп пен әділдік, нормалар мен ережелерді сақтау қажеттілігін түсіну;

қоғамды қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі заң мен тәртіптің маңыздылығын білу.

Жалпы орта мектеп түлегі:

өз ойларын, эмоцияларын және мінез-құлқын бақылау, қоғамдық игілік мүддесі үшін күнделікті жағдайларда белгіленген ережелер мен рәсімдерді, үйлесімді әлеуметтік қатынастарды сақтау; 

моральдық принциптер мен нормаларды және оқу-танымдық іс-әрекеттегі адал мінез-құлықты ұстану;

тұрақты даму принциптерін өмір салтына айналдыру, баламалы энергия көздерін пайдалану, табиғи ресурстарды үнемді тұтыну;

Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

Құзыреттілік: инновациялық ойлау

Бастауыш мектеп түлегі:

мамандықтың ерекшеліктерін білу және адамдардың еңбегін құрметтеу;

өз-өзіне қызмет ету және өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын қолдану;

отбасында және оқуда қажетті жұмыстарды жүйелі түрде тәртіпті және сапалы орындау;

нәтижеге жету мақсатын белгілеу және оны іске асыруды жоспарлау, ұйымдастыру және оған қол жеткізуге ұмтылу;

өз білімі мен дағдыларын дамыту үшін тыңғылықты жұмыс істеу.

Негізгі орта мектеп түлегі:

өзінің және басқалардың еңбегінің нәтижелерін бағалау;

түрлі мамандықтар мен олардың қызмет ерекшеліктерін зерттеуге қызығушылық таныту; 

өз уақытын тиімді жоспарлай білу және кез келген қызметтің нәтижелеріне қол жеткізу үшін күш салу;

еңбек қоғамдық және табысты болудың негізі екенін түсіну;

жеке мүдделерді, қажеттіліктерді ескере отырып, білім мен өмірлік жоспарлардың жеке траекториясын саналы түрде таңдауға және құруға дайын болу.

Жалпы орта мектеп түлегі:

тапсырмаларды тиімді орындау үшін қажетті академиялық және техникалық, заманауи технологиялар мен әдістер туралы білімінің болуы; 

өзін-өзі ұйымдастыру, міндеттерге басымдық беру, жұмыс уақытын жоспарлау;

нәтижелерге қол жеткізу және жақсарту үшін күш салуға дайын болу;

еңбек әдебі мен сапа стандарттарын түсіну;

дамуға және оқуға үнемі ұмтылу.

Құндылық: жасампаздық және жаңашылдық 

Құзыреттілік: шығармашылық

Бастауыш мектеп түлегі: 

қоршаған әлемді зерттеу, сұрақтар қою, эксперименттер жүргізу және алынған мәліметтер негізінде қорытынды жасай алу; 

жаңа идеяларды қалыптастыру, мәселелердің стандартты емес шешімдерін көру және оларды іс жүзінде қолдана алу;

инновациялық идеяларды жүзеге асыруға ықпал ететін компьютермен жұмыс істеу негіздерін және басқа да технологиялық дағдыларды меңгеру; 

жаңа тәсілдер мен технологияларды қолдануды талап ететін балалар жобаларына қатысуға дайын болу; 

өз әрекеттерінің қоршаған әлем үшін маңыздылығы мен салдарын түсіну. 

Негізгі орта мектеп түлегі: 

тапсырмаларға шығармашылықпен қарай білу, өз шешімдері мен идеяларын ұсына білу; 

өз бетінше әрекет ету және жобаларды іске асыру;

бақылау, өлшеу, эксперименттер мен тәжірибелер жүргізу;

модельдеу, таным объектілерінің құрылымын анықтау, бір бүтіннің әртүрлі бөліктері арасындағы қатынастарды іздеу және бөлу, процестерді кезеңдерге бөлу, себеп-салдарлық байланыстарды анықтай алу; 

оқу есептерін шешудің оңтайлы тәсілдерін таба білу, ол үшін жаңаларын қолдану және бұрыннан таныс алгоритмдерді біріктіру, оларды стандартты емес есептерді шешуге қолдана алу; 

әр түрлі таным құралдарын қолдану дағдылары, әлем туралы білім жинақтау (тілдік, оқырмандық мәдениет, ақпараттық, цифрлық ортадағы қызмет). 

Жалпы орта мектеп түлегі: 

зерттеу жүргізу және ғылыми тәсілді қолдану қабілеті;

ақпаратты талдау және бағалау;

жаңа идеяларды ұсыну;

заманауи цифрлық құралдар мен технологияларды меңгеру;

мақсаттарға жету үшін бастаманы ұсыну, жаңа мүмкіндіктер іздеу және идеяларды іске асыру барысында ресурстарды тиімді пайдалану.









«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру бойынша

2025-2026 оқу жылына арналған  жылдық жоспары


Орта білім беру ұйымдарына арналған тәрбие жұмысы жоспары

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР


Қызмет түрі 

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

1

«Адал азамат» біртұтас бағдарламасы: құндылыққа негізделген тәрбие жүйесін тиімді жүзеге асыру

тетіктері»  пед кеңес

Жоспарға сәйкес

Г.Абилдаева

Тамыз

2

Тәрбие процесін жоспарлау, бекіту жұмыстары

Жоспарға сәйкес

Г.Абилдаева

Тамыз

3

«Мектепке жол» республикалық акциясы


Жоспарға сәйкес

Ш.Пртаева

Тамыз


4

Қазақстан Республикасы Конституциясының

30 жылдығына орай «Қабылдаудан – прогреске: ҚР Конституциясының тарихы» атты кітап көрмелері


Кітап көрмесі

Г.Абилдаева

Т.Нұрсейтова


Тамыз


Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы


1 қыркүйек – «Білім күні» 

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні

Қыркүйектің екінші жексенбісі – Отбасы күні

Қыркүйектің үшінші жексенбісі – Аналар күні

Қыркүйектің соңғы жексенбісі – Еңбек күні

Р с

Іс шаралар атауы 

Аяқталу нысаны 

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімдері

1

Білім күні

«Мектебім – мейірім мекені» республикалық интервью-челленджі 

  • 2-4-сынып білім алушылары:  «Жазғы демалыстың жарқын естеліктері» 

                        5-8-сынып білім алушылары: 

«Жаз – жаңа тәжірибе уақыты» 

                        9-11-сынып білім алушылары: «Арманым мен мақсатым» 

Салтанатты іс-шара /сынып сағаты

Г.Абилдаева 

сынып жетекшілері

Қыркүйек айының  1 аптасы

2

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» 


Қазақстан халқы тілдері күніне арналған жалпы мәдени –тәрбиелік іс-шара

Г.Абилдаева

Гуманитарлық  пәндер мұғалімдері

Қыркүйек айының  1 аптасы

3

Бала тәрбиесінде ата-ана жауапкершілігі 

Уақытты басқару және өзін өзі басқару


«Балалар буллинг, кибербуллингтің құрбаны болғанда не істеу керек?» тренинг

Ата-аналар жиналысы

Г.Абилдаева, Г.Кенбейлова

 сынып жетекшілері, педагог-психолог

Қыркүйек айының  1 аптасы

4

«Бақытты отбасы - берекелі ел»  челленджі

Отбасы күніне арналған іс-шаралар

Г.Абилдаева

сынып жетекшілері,

Қыркүйек айының  2 аптасы

5

«Еңбегімен елге үлгі»

Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік құндылығына іс-шаралар

1-4 сыныптар «Біздің үйдегі еңбек»

5-9 сыныптар «Адал еңбек – адамдықтың белгісі» 10-11 сыныптар «Мамандық пен еңбек таңдауы – болашаққа бастар жол»

Еңбек күніне арналған жаппай тәрбиелік іс-шара

Сынып жетекшілері

Қыркүйек айының 4 аптасы

6

«Менің анам» үздік бейнероликтер байқауы

Аналар күніне арналған рилс

Г.Абилдаева, 

 сынып жетекшілері, тәлімгер

15-19 қыркүйек

7

«Абай  мұрасына саяхат» 

Қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, саяси қайраткер Абай (Ибраһим) Құнанба­евтың туғанына - 180 жыл

Атаулы күн иесіне арналған мектепішілік іс-шара, сынып сағаттары

Г.Абилдаева,

 пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, тәлімгер

Жыл бойы

8

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру бойынша облыс әкімінің жүлдесіне арналған “Сыр лигасы” жобасы сайыстарының мектепішілік кезеңдері

“Ана тілі аруы”, “Зияткер отбасы”, “Жігіттердің сұлтаны”, “Отбасылық волейбол”, “Ана туралы жыр” хор байқауы, “Футбол”, “Жайдарман”, “Алғашқы әскери лига” сайыстары

Г.Абилдаева

Қыркүйек айы

9

Білім беру ұйымдарында кәсіби бағдар беру жұмысын сыныптар бойынша ұйымдастыру

1-4-сыныптар

Кәсіби бағдар берудің алғы шарттары

Ата-аналар жиналысы, ата-аналардың қатысуымен ашық сабақтар мен сынып сағаттары, жеке кон­сультациялар 

5-7-сыныптар

Білім алушылардың кәсіптік бағдарын қа­лыптастыру

8-9-сыныптар

Білім алушыларды мамандық таңдау негіздерімен таныстыру (кәсіпті дұрыс таңдау үшін қажетті білім)


10-11 сыныптар

Бітірушінің кәсіп таңдау және ман­сап құру процесінде өз рөлі мен жауапкершілігін түсінуге бағыттау, таңдалған кәсіби өріс және олардың болашақтағы орны туралы нақты түсінік

Жылдық жоспар

Мектеп әкімшілігі

Оқу, кәсіби бағдар, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, сынып жетекшілері

Жыл бойы

10

«Мен оқыған кітапты сен де оқы»

библио-кросс акциясы (жазғы каникул кезінде оқыған кітаптарын жарнамалау)

«Балалар кітапханасы» жобасы (облыстық жоспар негізінде)


Акция

ДТЖЖО, сынып жетекшілері, мектеп

кітапханашысы, жоба жетекшісі

«Мен оқыған кітапты сен де оқы»

библио-кросс акциясы (жазғы каникул кезінде оқыған кітаптарын жарнамалау)

«Балалар кітапханасы» жобасы 

11

Кәмелетке  толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын - алу жөніндегі жоспарды іске асыру шеңберінде профилактикалық шаралар (буллинг, кибербуллинг, лудомания, зорлық-зомбылық, аутодеструтивті мінез-құлық, вейп, нашақорлық, уытқұмарлық т.б)

Профилактикалық  

іс-шара,әдістемелік сүйемелдеу, бейнероликтер жолдау

ДТЖЖО, сынып жетекшілер психолог, әлеуметтік педагог 

Жыл бойы

Қазан айы – тәуелсіздік және отаншылдық


1 қазан – Халықаралық қарттар күні

5 қазан – Мұғалімдер күні

24 қазан – Кітапханашылар күні

25 Қазан – Республика күні

1

«Тәуелсіздік және отаншылдық» құндылығына сәйкес сынып сағаты

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Құқықтық білім беру


Сынып сағаты

Сынып жетекшілері мүдделі мемлекеттік органдармен (Қорғаныс бөлімшелері, әскери

мамандар) бірлескен


Қазан  айы

2

«Қоғамға қызмет ету» волонтерлық қызмет, халықаралық акция

«Қамқор» жобасы 

Жалпы мектепішілік волонтерлық акциясы

ДТЖЖО, пән

мұғалімдері, сынып жетекшілері, тәлімгер, жоба жетекшісі

Қазан     айы

3

«Қуаныш сыйлайық»

«Қамқор» жобасы 


Мектепішілік шара

ДТЖЖО, сынып жетекшілері, тәлімгер, мектеп парламенті

Қазан     айы

4

5 қазан – Мұғалімдер күніне арналған

«Даналық ұстаздан» челленджі

«Шабыт» жобасы

Мұғалімдер күніне арналған челлендж

Сынып жетекшілері, мектептің өзін-өзі басқару ұйымы

Қазан  айы

5

Ұстаздар күні қарсаңында өзін-өзі басқару ұйымдары мүшелерінің қатысуымен «Дублер күнін» ұйымдастыру

«Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымы


Әлеуметтік желіге ақпарат

Мектеп директорының оқу және тәрбие жөніндегі орынбасары, тәлімгер, сынып жетекшілер.

Қазан  айы

6

«Тәуелсіздік пен Республика – егемен елдің қос тірегі» мектепішілік іс-шара

«Қыран елім-Қазақстан»

Республика күніне орай туған өлкесінің ақын- жазушыларының кітаптарына шолу жасау

«Балалар кітапханасы» жобасы 


Республика күніне арналған жалпы

мектепішілік іс-шара және кітаптарға шолу жасау


ДТЖЖО, пән

мұғалімдері, сынып жетекшілері, тәлімгер, мектеп кітапханашысы

Қазан  айы

7

«Кітапханаға кітап сыйла» кітапханашылар күніне орай кітапханаға кітап сыйлау акциясы

«Балалар кітапханасы» жобасы 

Кітапханашылар күніне арналған жалпы мектепішілік іс-шара

ДТЖЖО, кітапханашы

Қазан  айы

8

«Тәуелсіздік пен Республика – егемен елдің қос тірегі» мектепішілік іс-шара

«Қыран елім-Қазақстан»

Республика күніне орай туған өлкесінің ақын- жазушыларының кітаптарына шолау жасау

«Балалар кітапханасы» жобасы 


Республика күніне арналған жалпы

мектепішілік іс-шара және кітаптарға шолу жасау


ДТЖЖО, пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, тәлімгер, мектеп кітапханашысы


Қазан  айы

9

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру бойынша облыс әкімінің жүлдесіне арналған “Сыр лигасы” жобасы сайыстарының аудандық кезеңдері

“Ана тілі аруы”, “Зияткер отбасы”, “Жігіттердің сұлтаны”, “Отбасылық волейбол”, “Ана туралы жыр” хор байқауы, “Футбол”, “Жайдарман”, “Алғашқы әскери лига” сайыстары

ДТЖЖО, пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, тәлімгер

Қазан  айы

10

«Ұшқыр ой алаңы» дебаты

Мектеп дебаты

Мектепішілік кезең

Тәлімгер, мектептің өзін-өзі басқару ұйымы

Қазан айы

11

«Республика күнін мерекелеу қарсаңында жас ақындар сайысы

Ақындар айтысы

ДТЖЖО, сынып жетекшілері мәдени мекемелермен бірлесіп

Қазан айының 

3 аптасы

12

Жазушы, қоғам қайраткерi, Кеңес Одағының батыры Мәлiк Ғабдуллиннiң туғанына - 110 жыл

Атаулы күн иесіне арналған мектепішілік іс-шара, сынып сағаттары

ДТЖЖО, пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, тәлімгер

Қазан айының 

4 аптасы

13

Кәмелетке  толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын - алу жөніндегі жоспарды іске асыру шеңберінде профилактикалық шаралар (буллинг, кибербуллинг, лудомания, зорлық-зомбылық, аутодеструтивті мінез-құлық, вейп, нашақорлық, уытқұмарлық т.б)

Профилактикалық  

іс-шара,әдістемелік сүйемелдеу, бейнероликтер жолдау

ДТЖЖО, пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, тәлімгер, мектеп психологы, әлеуметтік педагог

Жыл бойы

Қараша – әділдік және жауапкершілік айы


15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні

16 қараша  Халықаралық толеранттылық күні


1

«Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» 

Сынып сағаты 

Сынып жетекшілері

Қараша айының        1 аптасы

2

“Әділдік пен жауапкершілік - тұлғаның басты қасиеті”

1-4 сыныптар

«Мектеп театры» жобасы  

“Әділ ұстаным-өнегелі өмір” 5-7 сыныптар


«Абай-әділдік символы» 

Ақынның қара сөздерінен әділдік тақырыптары жайлы зерттеушілік жұмыс

8-11 сыныптар

Театр қойылымы




Өнеге сағаты



Дөңгелек үстел

Гуманитарлық пәндер мұғалімдері, /тілдік пәндер мұғалімдері, мектептің өзін-өзі басқару ұйымы


Қараша айының    1 аптасы

3

«Теңге – Тәуелсіз Қазақстанның жетістігі»


15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні

Тәрбиелік шаралар


Тәлімгер, мектептің өзін-өзі басқару ұйымы

Қараша айы

4

«Ұшқыр ой алаңы» 

Дебат ойындары

Дебат жетекшісі


Қараша айы

5

«Startup» байқауы

Байқау

Сынып жетекшілері

мектептің Өзін-өзі басқару ұйымы

Қараша айының 3 аптасы

6

Қазақтың тұңғыш романының авторы, ақын, публицист, мәдениет және қоғам қайраткерi Мiржақып Дулатовтың туғанына - 140 жыл

Атаулы күн иесіне арналған мектепішілік іс-шара, сынып сағаттары

ДТЖЖО, пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, тәлімгер

Қараша

7

Интернетке, компьютерге және ойынға тәуелділікті анықтау бойынша тест сауалнама ұйымдастыру  

Қорытындысы бойынша жұмыс жасау.

ДТЖЖО, сынып жетекшілері, мектеп психологтары 

Қараша

8

  • Жазушы, қазақ балалар әдебиетiнiң негiзiн салушы Сапарғали Ысқақұлы Бегалиннiң туғанына 130 жыл  

Атаулы күн иесіне арналған мектепішілік іс-шара, сынып сағаттары

ДТЖЖО, пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, тәлімгер

Қараша

9

«Үздік балалар-жасөспірімдер ұйымы» Республикалық байқауына  қатысу


Құрылтай материалдары, әлеуметтік желіге жариялау 

ДТЖЖО, пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, тәлімгер

Қараша

10

Кәмелетке  толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын - алу жөніндегі жоспарды іске асыру шеңберінде профилактикалық шаралар (буллинг, кибербуллинг, лудомания, зорлық-зомбылық, аутодеструтивті мінез-құлық, вейп, нашақорлық, уытқұмарлық т.б)


Профилактикалық  

іс-шара,әдістемелік сүйемелдеу, бейнероликтер жолдау

ДТЖЖО, пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, тәлімгер, әлеуметтік педагог

Жыл бойы


Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айы


5 желтоқсан – Дүниежүзілік Еріктілер күні

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні


1

«Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциясы

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Мектептегі/сыныптағы тазалықты қолдау акциясы

Сынып жетекшілері

Желтоқсанның 

1 аптасы

2

«Жетістігімді еліме арнаймын» челленджі

Челлендж

Тәлімгер, мектептің өзін-өзі басқару ұйымы

Желтоқсанның 

аптасы

3

Балалар кітапханасы 

Әдеби кеш / кітап жәрмеңкесі / кітап кейіпкерлері байқауы

Сынып жетекшілері

Желтоқсанның 

2 аптасы

“Тәуелсіздік - ең қымбат құндылық”

Интеллектуалдық ойын

ДТЖЖО, сынып жетекшілер

Желтоқсанның 

3 аптасы

5

«Ұшқыр ой алаңы» дебаты

Мектеп дебаты 

Облыстық ақтық кезең

Дебат жетекшісі

Желтоқсан

6

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Сынып сағаты 

Сынып жетекшілері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп

Жоспар, кестеге сәйкес

7

«Бірлік және ынтымақ» құндылығы»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Сынып сағаты

Сынып жетекшілері

Желтоқсанның 

3 аптасы

8

Психолог кеңесі 

Буллингтің құрбаны болмаудың 10 себебі 

Психолог кеңесі 


Мектеп психологтары, сынып жетекшілері, ДТЖЖО 

Желтоқсанның 

4 аптасы 

Қаңтар – заң және тәртіп айы


1 қаңтар – Жаңа жыл


1

Мамандықтар марафоны

Байқау

Көркем еңбек, 

информатика,

робототехника мұғалімдері

Қаңтардың                 2 аптасы

2

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Сынып сағаты

ДТЖЖО, сынып жетекшілерінің сыныпішілік және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен жұмысы

Жоспар, кестеге сәйкес

3

«Ұшқыр ой алаңы» зияткерлік ойыны

Зияткерлік ойын

Жетекшісі

Қаңтардың                 3 аптасы

4

Қазақ поэзиясының алыбы, ақын, ұлы жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына - 180 жыл

Атаулы күн иесіне арналған мектепішілік іс-шара, сынып сағаттары

ДТЖЖО, пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, тәлімгер

Қаңтардың 

3 аптасы

5

«Заң және Тәртіп»  құндылығы

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Сынып сағаты

Сынып жетекшілері

Қаңтардың               4 аптасы

6

«Өнертапқыштыққа алғашқы қадам» байқауы

Байқау

Информатика, 

жаһандық құзыреттілік мұғалімдері

Қаңтардың                       4 аптасы

Ақпан – жасампаздық және жаңашылдық


14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні

Ақпанның бірінші сейсенбісі – Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні


1

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Алдын алу іс-шарасы

ДТЖЖО, сынып жетекшілері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп

Ақпан айының              1 аптасы

2

«Ұшқыр ой алаңы» дебаты

Мектеп дебаты 

Тәлімгер, мектептің мзін-өзі басқару ұйымы

Ақпан айының              1 аптасы

3

Буллингтен қорған!

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Сынып сағаты

Сынып жетекшісі

Ақпан айының           2 аптасы

4

«Шын жүректен кітап сыйла!» челленджі

Челлендж 

Кітапханашы, мектептің өзін-өзі басқару ұйымы


Ақпан айының       2 аптасы

5

Қауіпсіз қоғам

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Алдын алу іс-шарасы

ДТЖЖО, сынып жетекшілері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп

Ақпан айының     3 аптасы

6

«Startup» байқауы

Байқау

Сынып жетекшілері

Мектептің өзін-өзі басқару ұйымы

Ақпан айының     3 аптасы

7

Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Сынып сағаты

Сынып жетекшілері

Ақпан айының              4 аптасы

Заңды білу міндет, сақтаум-парыз

Құқықтық тәрбие сағаты

Сынып жетекшілері

Ақпан айының              4 аптасы

Наурыз – тәуелсіздік және отаншылдық айы


1 наурыз – Алғыс айту күні

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

21, 22, 23 наурыз – Наурыз мерекесі

30 наурыз – Дүниежүзілік Жер күні


1

Алғыс – ізгі ниет

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Сынып сағаты

Сынып жетекшілері

Наурыздың             1 аптасы

2

Ойынға салауатты көзқарас

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Алдын алу іс-шарасы 

ДТЖЖО, сынып жетекшілері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп

Наурыздың                 1 аптасы

3

«Ананың аялы алақаны» челленджі

Челлендж 

Сынып жетекшілері

Мектептің өзін-өзі басқару ұйымы

Наурыздың             2 аптасы

4

«Ұлттық мәдениет» көрмесі 

Көрме

Көркем еңбек мұғалімдері, сынып жетекшілері мектептің өзін-өзі басқару ұйымы

Наурыздың             2 аптасы

5

Мектеп театры 

Театр қойылымы

тілдік пәндер мұғалімдері , мектептің өзін-өзі басқару ұйымы

Наурыздың                  3 аптасы

6

«Күй күмбірі» 

Наурыз мерекесі аясында күйлер орындау (таңдау бойынша).

Домбырашылар челленджі

 Мектептің өзін-өзі басқару ұйымы

Наурыздың                  3 аптасы

7

«Жер сағаты» экологиялық акциясы

Акция 

Жаратылыстану ғылымдарының апталығы/онкүндігі шеңберінде пән мұғалімдері

Наурыздың             4 аптасы

8

Наурыз – жыл басы

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Сынып сағаты

Сынып жетекшілері  

Наурыздың                   3 аптасы

9

Қоғам және мемлекет қайраткерi, Алаш қозғалысының жетекшiсi Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына - 160 жыл

Атаулы күн иесіне арналған мектепішілік іс-шара, сынып сағаттары

ДТЖЖО, пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, тәлімгер

Наурыз

Сәуір – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы


2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні

12 сәуір – Ғылым күні

15 сәуір – Халықаралық мәдениет күні

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні

23 сәуір – Ұлттық кітап күні


1

Біз таңдаған кітаптар

Сынып сағаты

Сынып жетекшілері

Сәуірдің                    1 аптасы

2

Өмірге салауатты қадам

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Алдын алу іс-шарасы

ДТЖЖО, сынып жетекшілері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп

Сәуірдің                         2 аптасы

3

Көрнектi ағартушы, тарихшы, публицист, лингвист, географ, музыка зертте­ушi, археолог, этнограф Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына - 190 жыл

Атаулы күн иесіне арналған мектепішілік іс-шара, сынып сағаттары

ДТЖЖО, пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, тәлімгер

Сәуірдің                       4 аптасы

4

Педагог, қоғам қайраткерi Ахмет Қуанұлы Жұбановтың туғанына - 120 жыл

Атаулы күн иесіне арналған мектепішілік іс-шара, сынып сағаттары

ДТЖЖО, пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, тәлімгер

Сәуір

5

«Ұшқыр ой алаңы» дебаты

Мектеп дебаты 

Тәлімгер, мектептің өзін-өзі басқару ұйымы

Сәуірдің                      3 аптасы

6

«Түлектердің ағаш егуі» экочелленджі

Челлендж 

Сынып жетекшілері

Мектептің өзін-өзі басқару ұйымы

Сәуірдің                       4 аптасы

7

«Атадан-өсиет, анадан қасиет» ата-аналарға арналған шеберлік сынып

Шеберлік сынып 

Сынып жетекшілері / педагог-психологтер

Сәуірдің                          2 аптасы

8

8-11 сыныптар 

Бір тартып көрудің зиянды салдары 

5-10 сыныптар 

Қозғалыста бол!

Дебат 



Профилактикалық акция 

Дебат жетекшісі, мектептің өзін-өзі басқару ұйымы

Сынып жетекшілері, ДТЖЖО

Сәуір 

9

Оқушылардан бопсалау мен әлімжеттік және буллинг бойынша сауалнама алу 

Сауалнама алу 

Мектеп психологтары, денсаулық мекемесі, білім,  полиция     бөлімдері 

Сәуір 

10

Жоғарғы сынып оқушылары және олардың ата-аналары арасында заманауи синтетикалық есірткілердің дәріханалық, нашақорлық проблемаларын және есірткі, психикалық белсенді заттардың заңсыз айналымының құқықтық салдарын түсіндіру бойынша сала мамандарымен кездесу

Сала мамандарымен кездесу 

ДТЖЖО

Психологтар

Сала мамандары 

Сәуір 

11

8-11 сынып оқушылары 

Нашақор болмаудың 100 себебі


5-7 сынып оқушылары

Кәмелетке толмағандарды есірткі ортасына тартудың құқықтық салдары


Нашақорлық пен есірткі құқықбұзушылықтың алдын алу


1—11 сынып оқушылары

Есірткісіз қоғам (спорттық шаралар), Салауатты өмір салтын насихаттау (флешмоб) 

Дәріс сабағы



Дебат/пікірталас





Бейнесабақ көрсетілімі 

ДТЖЖО

Мектеп психологтары

Дене шынықтыру мамандары, мектеп тәлімгері, сынып жетекшілері

4-аптасы 

12

«Мен темекіні тастаймын!», «Біз темекі шегуге қарсымыз!», «Жастар темекіге қарсы» аймақтық акциялар ұйымдастыру 

Фотоесеп, әлеуметтік желіде жариялау

ДТЖЖО

Мектеп психологтары

Дене шынықтыру мамандары, мектеп тәлімгері, сынып жетекшілері

Сәуір 

13

Білім беру ұйымдарында ашылған Медиация кабинеттерінің жұмысымен танысу 

Фотоесеп, әлеуметтік желіде жариялау

ДТЖЖО

Мектеп психологтары

Дене шынықтыру мамандары, мектеп тәлімгері, сынып жетекшілері

Сәуір

14

7-10 сынып оқушылары арасында интернеттегі қауіпсіздікті сақтау және жахандық құзыреттілік бойынша информатика пәні мұғалімдерінің ақпараттық сауаттылық ашық сабақтары 

Фотоесеп, әлеуметтік желіде жариялау

ДТЖЖО

Мектеп психологтары

Дене шынықтыру мамандары, мектеп тәлімгері, сынып жетекшілері

Сәуір

15

1-11 сынып оқушылар 

«Интернет қауіпсіздік» мектеп апталығы шеңберінде «Ақпараттық қауіпсіздік» ойынға тәуелділіктің теріс салдары туралы кәмелетке толмағандарға арналған ағарту шараларының кешенін іске асыру, профилактикалық шаралар ұйымдастыру 


1-4 сынып оқушылары 

«Интернеттегі қауіпсіздік», «Қауіпсіз  интернет» тарнымдық сағат


5-8 сынып оқушылары

«Интернеттегі жеке қауіпсіздік» ақпараттық сағат


9-11 сынып оқушылары

«Интернеттегі форумдар мен чаттар» сынып сағаты, «Желілік байланыс этикасы» медиақауіпсіздік сабағы 

Фотоесеп, әлеуметтік желіде жариялау

ДТЖЖО

Мектеп психологтары

Дене шынықтыру мамандары, мектеп тәлімгері, сынып жетекшілері

Сәуір

16

Қоғамдық мүлікті қорға! Ашық әңгіме


Профилактикалық іс-шара 

1-11 сынып


ДТЖЖО, сынып жетекшілері, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп

Сәуірдің 4 аптасы

Мамыр – бірлік және ынтымақ айы


1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

9 мамыр – Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні

18 мамыр – Халықаралық мұражайлар күні

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

1

«Біз әртүрліміз, біз теңбіз» 

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Сынып сағаты

Сынып жетекшілері

Мамырдың               1 аптасы

2

«Жас сарбаз» әскери-патриоттық әндер фестивалі

Фестиваль 

АӘДТ пән мұғалімдері, музыка пәнінің мұғалімдері, сынып жетекшілері, мектептің өзін-өзі басқару ұйымы

Мамырдың              2 аптасы

3

Буллингтен қорған!

Қауіпсіздік сабағы (10 минут))

Сынып сағаты

Сынып жетекшілері

Мамырдың                3 аптасы

4

Қауіпсіз қоғам

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Алдын алу іс-шарасы 

ДТЖЖО, сынып жетекшілері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп

Мамырдың                3 аптасы

5

Білімім – Отаныма!

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Сынып сағаты

Сынып жетекшілері

Мамырдың                       4 аптасы

6

Отбасы күніне арналған «Отбасылық дәстүрлер» апталығы

Суреттер, фотосуреттер көрмесі

Сынып жетекшілері

Мамырдың                           2 аптасы

7

8-11 сыныптар

«Есірткіні жасырып кетуші деген кім?» әңгіме түріндегі дәріс сабағы 

5-7 сыныптар

«Балалар есірткіге қарсы!» акциясы, «Есірткісіз жарқын болашақ» эссе байқауы

1-11 сыныптар

«Зиянды әдеттерден аулақ бол!» бейнероликтер көрсетілімі 

Фотоесеп, әлеуметтік желіде жариялау 

ДТЖЖО, сынып жетекшілері, қазақ тілі пәні бірлестігі, мектеп тәлімгері 


8

Медицина қызметкерлерімен 8-11 сынып оқушыларына «Электронды темекіден бас тарту себептері», «Вейп туралы мифтер мен шындық», «Вейпинг.Бұл не және бұл хобби не үшін қауіпті?», «Кальян мен вейп шегудің зияны», «Абайлаңыз-электронды темекі», т.б денсаулық сабақтарын өткізу. 

Фотоесеп, әлеуметтік желіде жариялау

ДТЖЖО, сынып жетекшілері,

Мамыр

9

5-8 сынып оқушылары

«Интернеттегі жеке қауіпсіздік» ақпараттық сабақ


9-11 сынып оқушылары

«Интернет желісіндегі қауіпсіздік»

Фотоесеп, әлеуметтік желіде жариялау

ДТЖЖО

Мектеп психологтары

Дене шынықтыру мамандары, мектеп тәлімгері, сынып жетекшілері

Мамыр

10

Жасөспірімдер ортасындағы вандализмнің алдын алу

Профилактикалық іс-шара

Мүдделі органдармен бірлесіп

Мамырдың 3-4 аптасы

11

«Сәт сапар саған, Жас түлек!»


Салтанатты жиын

ДТЖЖО ,Сынып жетекшілері

Педагогикалық ұжым

мамырдың 4 аптасы











  1. 2026 жылдарға арналған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру жөніндегі

Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен КЕШЕНДІ ЖОСПАР


Іс - шара атауы

Аяқталу нысаны

Орындалу мерзімі

Жауапты мемлекеттік орган/ұйым

Жауапты орындаушы (бірлесіп орындаушы)

ҚЫРКҮЙЕК – ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК АЙЫ


Профилактикалық жұмыс кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жоспарды іске асыру шеңберінде профилактикалық жұмыстар

Профилактикалық

іс-шара

Қыркүйектің 1-2 аптасы

Облыстық/қалалық/аудандық прокуратура

Жергілікті полиция қызметі басқармасы


Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері,мектеп психологі


Профилактикалық жұмыс «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!»

Профилактикалық іс-шара

Қыркүйектің 3-4 аптасы

Жергілікті полиция қызметі басқармасы

Облыстық жастар денсаулық орталығы

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері,мектеп психологі

ҚАЗАН – ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ АЙЫ


Құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары. «Зорлық-зомбылықсыз өмір"


Сынып сағаты

(9-11 сынып)

Қазанның 2 аптасы

Аудандық прокуратура

Жергілікті полиция қызметі басқармасы 

 Жастар денсаулық орталығы

Аудандық психологиялық қолдау орталығы

Сынып жетекшілері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып

ҚАРАША – ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК АЙЫ


Қауіпсіздік сабағы 

(10 минут)

Сынып сағаты

Жоспар, кестеге сәйкес

Жергілікті полиция қызметі Жастар ресурстық орталығы

Сынып жетекшілерінің сыныпішілік және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен жұмысы


Өмірге салауатты қадам

Қауіпсіздік сабағы

(10 минут)

Алдын алу іс-шарасы

Қарашаның 4 аптасы

Жастар денсаулық орталығы

ДТЖЖО, сынып жетекшілері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп


Өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік

Сынып сағаты

Қарашаның  4 аптасы

Жергілікті полиция қызметі басқармасы

Жастар ресурстық орталығы

Сынып жетекшілері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп

ЖЕЛТОҚСАН – БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ АЙЫ


Қауіпсіздік сабағы 

(10 минут)

Сынып сағаты

Жоспар, кестеге сәйкес

Жергілікті полиция қызметі басқармасы


Сынып жетекшілері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп

ҚАҢТАР – ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП АЙЫ


Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Сынып сағаты

Жоспар, кестеге сәйкес

Жергілікті полиция қызметі басқармасы


ДТЖЖО, сынып жетекшілер және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен жұмысы

АҚПАН – ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ АЙЫ


Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Алдын алу іс-шарасы

Ақпан айының              1 аптасы

Жастар денсаулық орталығы


ДТЖЖО, сынып жетекшілері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп


Қауіпсіз қоғам


Алдын алу іс-шарасы

Ақпан айының

3 аптасы

Аудандық прокуратура


ДТЖЖО, сынып жетекшілері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп

НАУРЫЗ – ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ АЙЫ


Ойынға салауатты көзқарас

Қауіпсіздік сабағы

(10 минут)

Алдын алу іс-шарасы

Наурыздың                 1 аптасы

Жергілікті полиция қызметі басқармасы


ДТЖЖО, сынып жетекшілері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп

СӘУІР – ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК АЙЫ



Өмірге салауатты қадам

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Алдын алу іс-шарасы

Сәуірдің  2 аптасы


ДТЖЖО, сынып жетекшілері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп


Оқушылардан бопсалау мен әлімжеттік және буллинг бойынша сауалнама алу

Сауалнама алу

Сәуір


Мектеп психологтары, денсаулық мекемесі, білім,  полиция  бөлімдері


Жоғарғы сынып оқушылары және олардың ата-аналары арасында заманауи синтетикалық есірткілердің дәріханалық, нашақорлық проблемаларын және есірткі, психикалық белсенді заттардың заңсыз айналымының құқықтық салдарын түсіндіру бойынша сала мамандарымен кездесу

Сала мамандарымен кездесу

Сәуір


ДТЖЖО

Психологтар

Сала мамандары

МАМЫР – БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ АЙЫ


Жасөспірімдер ортасындағы вандализмнің алдын алу

Профилактикалық іс-шара

Мамырдың 3-4 аптасы


Мүдделі органдармен бірлесіп


Қауіпсіз қоғам

Қауіпсіздік сабағы 

(10 минут)

Алдын алу іс-шарасы 

Мамырдың                3 аптасы


ДТЖЖО, сынып жетекшілері 


Жасөспірімдер ортасындағы вандализмнің алдын алу

Профилактикалық іс-шара

Мамырдың 3-4 аптасы


Мүдделі органдармен бірлесіп