08
ноябрь
2021
Мектеп тарихы
№141 К.Сабиров атындағы орта мектебінің тарихы
№141 К.Сәбиров атындағы орта мектебінің іргетасы Сұлутөбе мен Тартоғай аралығындағы «Қызыл үй» деген жерде 1921-1922 жылдары қаланған. Аудандағы алғашқы ұстаздардың бірі саналатын Мүсілім Мырзахметовтің бастамасымен осы жерде жетім балаларға арналған интернат ұйымдастырған. Майлытоғайда 1929 жылы ауылшаруашылығы артелі, 1934 жылы «КИМ» колхозы ұйымдастырылып, сол жылы бастауыш мектеп ашылды. 1938-1939 оқу жылынан бастап бастауыш мектеп жетіжылдық мектепке айналдырылды. Осы жылдары мектепке «КИМ» атауы берілді. 1962-1963 оқу жылынан бастап мектеп сегізжылдық болды. 1979-1980 оқу жылынан бастап орта мектепке айналды. Осы жылдар аралығында мектепте биология және химия пәндерінің мұғалімі, «Қазақ КСР білім беру ісінің үздігі» Күлмаханов Сақтан қызмет атқарды.
Мектепті әр кезеңде басқарған азаматтар:
1935-1936 жылдары мектеп директоры Қартаев;
1937-1938 жылдары мектеп директоры Иманов Сейділда;
1938-1940 жылдары мектеп директоры Жолманов;
1940-1943 жылдары мектеп директоры Қ.Көпішов, Қ.Сексенбаев,
Қ. Рысдәулетов;
1943-1956 жылдары мектеп директоры Сыздықов Дүйсенбай;
1957-1959 жылдары мектеп директоры Исмайлов Қожахмет;
1962-1967 жылдары мектеп директоры Ибрагимов Балқай;
1967-1971 жылдары мектеп директоры Ерманов Нәби;
1971-1979 жылдары мектеп директоры Омарова Бибіжамал;
1979-1987 жылдары мектеп директоры Мұханов Ерденбек;
1988-1990 жылдары мектеп директоры Жұмаділдаев Бекболат;
1990-1995 жылдары мектеп директоры Бегдімұратов Мырзабек;
1995-1998 жылдары мектеп директоры Заңғаров Бақтыбай;
1999-2008 жылдары мектеп директоры Әбуұлы Саламат;
2008-2015 жылдары мектеп директоры Маймақов Тұрлыбек;
2015 жылдың қазан айынан бастап мектепті Әбуұлы Саламат басқаруда.
Мектеп ұжымы жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру мақсатында игілікті шараларды жүзеге асыруда. Қазір мектебіміз ғылымды өркендетуде лайықты үлес қосып, өз түлектерін мақтан етеді. Олар: филология ғылымының докторы Мырзабек Дүйсенов, тарих ғылымының докторы Қажымұрат Әбішев, физика-математика ғылымдарының кандидаттары Базарбек Қашқынбаев, Жақсылық Өтеулиев, филология ғылымының кандидаты, қауымдастырылған профессор Аман Әбәсілов, филология ғылымының кандидаты, профессор Әли Байжолов, техника ғылымының кандидаты Ишанбек Сыздықов.
Сонымен қатар, өмірдің әр саласында жемісті еңбегімен танылған мектеп түлектері – композитор Мүлкаман Қалауов, журналистер Расулла Серіков, Асқар Тәжиев, Рыскелді Жахман, кәсіподақ ардагері Қуанышбек Сәдібеков, кәсіпкерлер Қонысбек Сәдібеков, Роза Иманова, Ыбырайхан Мұсабаев, ұзақ жылдар аудан, облыс көлемінде жауапты қызметтер атқарған Сұлтан Үсенов, Нәсіпбек Кентбаев, зілтемірші Әділбек Балхаев – ауыл мақтанышы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының білім және мәдениет мекемелеріне есімдер беру және олардың атауларын өзгерту туралы» №384 қаулысымен мектепке қоғам қайраткері, бірінші шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан ауыл азаматы Қапан Сәбиров есімі берілді.
2014 жылы облыстық құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша мердігер мекеме - «Аман-Құрылыс» ЖШС-і жалпы құны 443 239 000 теңге болатын 150 орындық жаңа мектеп құрылысын жүргізіп, 2014 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берді. Мектеп оқу кабинеттерімен, зертханалармен, мультимедиалық және лингафон кабинеттерімен қамтамасыз етілген. Толық жабдықталған компьютер сыныбымен қатар, спорт залы, мәжіліс залы, асхана жұмыс атқарады. Мектеп интернет желісіне қосылған.