Мектеп психологының есебі
№141 К.Сәбиров атындағы орта мектеп бойынша 2020– 2021оқу жылында жүргізілген Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу бойынша атқарылған жұмыстардың есебі
Психологиялық қызметтің мақсаты
Орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау , қолайлы әлеуметтік – психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету. Мектебімізде 2020– 2021 оқу жылында психологиялық қызмет орталығының жұмыс жоспары бойынша .
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №102, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы №95 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2015 жылғы 11 наурыздағы №201 «Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтердің алдын алу жөніндегі жобаны кезең-кезеңімен енгізу туралы »бірлескен бұйрығын , облыстық білім басқармасының 2015 жылғы 14 шілдедегі №81-нқ бұйрығын орындау және БҰҰ-ның Қазақстандағы ЮНИСЕФ Балалар қорының қолдауымен әзірленген суицидтің алдын алу ведомствоаралық бағдарламаларын орындау мақсатында бірлескен бұйрық бекітілді.
№141 орта мектебінде 23-24 қыркүйек күндері «Жасөспірімнің денсаулық және өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын алу» бағдарламасы бойынша 8- 11сынып ата-аналарымен кездесу өткізілді. Ата-аналарға психикалық денсаулық туралы мағлұматтар айтып, бағдарламаның маңыздылығы мен өзектілігін түсіндірді. Сонымен қатар осы бағдарлама аясында жүргізілетін жөнінде презентация көрсетілді. Ата –аналардың қолына « Ата-аналардан ақпараттық келісім алу үлгісі» беріліп, ата-анасы баласының сауалнамаға қатысуына қарсы болса, қолын қойып, мекемеге қайтаратындығы жайлы айтылды.
« Жасөспірімнің психологиялық саулығын бағалау шкаласы» 8-11 сыныптарға өткізілді. Біздің мектептен тест нәтижесі бойынша оқушылар арасынан жоғары қадағалау тобына оқушы шыққан жоқ.
Жасөспірімнің психикалық саулығын бағалау шкаласы: Зунг депрессиясы шкаласы бойынша 5-7 сынып оқушылары арасында тесті алынды. Сынып оқушыларының барлығы 25-50 балдан төмен балл жинады. Сынып оқушыларынан депрессия деңгейі анықталған жоқ.
8-11 сынып оқушыларынан Э.Бек «Дипрессия шкаласы» тесті алынды.Сынып оқушылары барлығы 9- балдан төмен жинады. Сынып оқушыларынан депрессивті белгілер анықталған жоқ. «Суицид сақшылары» ретінде мектеп мұғалімдерін зум түрінде оқытылды. Жасөспірімнің денсаулық және өмірлік дағдыларын қалыптастыру бағдарламасы бойынша 3 апталық дәріс оқытылды.8-9-10-11 оқушыларына «Менің психикалық денсаулығым» тақырыбында дәріс өткізілді.Дәріс барысында кездесудің мақсаттарын түсіндірді.Дәріс диалог түрінде өткізілді.8-11 сынып оқушылары арасында суицид тақырыбына байланысты сауалнама алынды. Сауалнама нәтижесінде суицидке бейім балалар және тәуекел топ балалары жоқ екені белгілі болды. Қатысқан оқушы саны -37.
Қорытынды:
Жасөспірімнің арасындағы суицидтің алдын-алу бағдарламасы жүргізілген дәрістің мақсаты- оқушы өзінің эмоционалдық жай күйін жақсартуды қалай үйренуге және стрестік жағдайларға төзімділікке үйрену.
Шешім:
Осы өткізілген тақырыптағы жұмыстар қанағаттанарлық деп танылсын.
Мектеп психологы: Кенбейлова Г