«№ 141 К.Сәбиров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ата-аналарымен өткізілген жиналыстың ХАТТАМАСЫ » №141 К.Сәбиров атындағы орта мектебі
Қызылорда облысының білім басқармасының
Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№141 К.Сәбиров атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7243) 24-18-12
Есепші бөлімі:
+7(7243) 24-18-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «№ 141 К.Сәбиров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ата-аналарымен өткізілген жиналыстың ХАТТАМАСЫ
18
апрель
2022

«№ 141 К.Сәбиров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ата-аналарымен өткізілген жиналыстың ХАТТАМАСЫ

«№ 141 К.Сәбиров атындағы орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінде өткізілген онлайын ата-аналар жиналысының


ХАТТАМАСЫ

2021 жыл қыркүйек


Қатысқандар: мектеп директоры, ата-аналар, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасар , сынып жетекшілер, мектеп психологы, әлеуметтік педагог.


Қ А Р А Л А Т Ы Н   М Ә С Е Л Е:

  1. 2020-2021 оқу жылының қорытындысы және жаңа оқу жылының жоспарымен таныстыру (хабарламашы- мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Абилдаева)
  2. Білім саласы бойынша жаңа оқу жылындағы   өзгерістермен таныстыру (хабарламашы- мектеп директоры С.Әбуұлы)
  3. Коронавирустан сақтану шаралары (хабарламашы мектеп аяжаны Г.Айқара)
  4. Ата-аналар комитетінің құрамын қайта сайлау



Т Ы Ң Д А Л Д Ы:


      Бірінші мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Абилдаева  өткен оқу жылындағы тәрбие бағыттары байынша   жүргізілген жұмыстар мен  төтенше жағдайға байланысты өзгерістер және мектеп ұстаздары  мен оқушыларының онлайын түрде өтілген сайыстар мен шараларға қатысуы жайында тоқталды. Сонымен қатар жаңа 2021-2022 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспарымен таныстырды.

     Екінші мәселе бойынша жаңа оқу жылында оқу процесінде болатын  өзгерістер   және білім алушылар мен олардың ата-аналарына  төтенше жағдай кезінде  қойылатын талаптармен   таныстырылды. Пандемия жағдайында сақтық шаралары қатаң сақталу қажеттігіне тоқталды.

       Үшінші мәселе бойынша мектеп аяжаны Г.Айқара «Коронавирустан сақтану шаралары» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде қазіргі таңда адам денсаулыған сақтау вирусқа байланысты екпе салдырту мен сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігіне тоқталды.

      Үшінші мәселе бойынша ата-аналар комитерінің құрамын қайта саулауға байланысты ұсыныстар айтылды.  




ЖИ Н А Л Ы С   Ш Е Ш І М    Е Т Е Д І:


1.  2020-2021 оқу жылындағы тәрбие жұмысы қанағаттанарлық деп табылсын, жаңа оқу жылының жылдық жұмыс жоспары бекітілсін.

2. Білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамыту дамытуға байланысты қойылатын талаптар үнемі қадағалансын

3. Балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында қадағалау жұмыстары жүргізілсін  және оқушыға қойылатын талаптарды орындау үнемі қадағалансын.  

4. Ата-аналар комитетінің құрамы өзгеріссіз қалдырылсын және ата-аналар мектебі құрылсын

Жиналыс төрайымы:               Г.Абилдаева

                                                     Хатшысы:                  М.Каленова  













«№ 141 К.Сәбиров атындағы орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінде 10-11 сынып оқушылардың   ата-аналарымен өткізілген жиналыстың


ХАТТАМАСЫ

2021 жыл 11 қараша


Қатысқандар: мектеп директоры, ата-аналар, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасар , сынып жетекшілер, мектеп психологы, әлеуметтік педагог.


Қ А Р А Л А Т Ы Н   М Ә С Е Л Е:

  1. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық, зорлық-зомбылықтың алдын алу  (хабарламашы- мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Абилдаева)
  2. Зиянды заттардың адам ағзасына зиянды әсері және нашақорлықтың алдын алу жолдары (хабарламашы- мектеп аяжаны Г.Айқара)
  3. Булинг, кибербулингтің алдын алу шаралары (хабарламашы мектеп психологы Г.Кеңбейлова)



Т Ы Ң Д А Л Д Ы:


     Бірінші мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Абилдаева  қазіргі таңда жасөспірімдер арасында түрлі құқық бұзушылықтың болып жатқандығы және жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу үшін кімдермен дос екенін, ұялы байланыс арқылы қандай балалармен араласатынын, түнгі мезгілде көшеге шықпауын үнемі қадағалап отыру керектігі жайында айтып өтті.Сонымен қатар отбасында, өзінен үлкендер тарапынан болатын зорлық-зомбылық балалардың психологиясына қандай әсері болатындығына тоқталды.

    Екінші мәселе бойынша мектеп аяжаны зиянды заттардың өсіп келе жатқан бала ағзасына қандай әсері болатынын түсіндірді. Сонымен қатар наша пайдаланатын балаларда қандай ерекшеліктерді байқауға болатындығына тоқталды.

       Үшінші мәселе бойынша мектеп психологы Г.Кеңбейлова  «Булинг және кибербулингтің алдын алу» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде қазіргі таңда ұялы байланыс арқылы түрлі жолдармен қорқытып өздерінің айтқанын жасататындар белең алып отырғандығын және ондай жағдайда балаларға қалай көмек беруге болатындығына тоқталды.



ЖИ Н А Л Ы С   Ш Е Ш І М   Е Т Е Д І:


1.  Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық, зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында ата-аналармен бірлескен жұмыс күшейтілсін.

2. Білім алушылар салауатты өмір салтын сақтау, бос уақытын тиімді ұйымдастару мақсатында жұмыстар жүргізіліп, бақылауға  байланысты қойылатын талаптар үнемі қадағалансын

3. Балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында ұялы байланыстағы желілерге кіруін ата-аналар, сынып жетекшілер  тарапынан қадағалау жұмыстары жүргізілсін  

Жиналыс төрайымы:                Г.Абилдаева

                                                     Хатшысы:                 М.Каленова  














«№ 141 К.Сәбиров атындағы орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінде 10-11 сынып оқушылармен өткізілген жиналыстың


ХАТТАМАСЫ

2021 жыл 11 қараша


Қатысқандар: мектеп директоры,  мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасар , сынып жетекшілер, мектеп психологы, әлеуметтік педагог,10-11 сынып оқушылары.


Қ А Р А Л А Т Ы Н   М Ә С Е Л Е:

  1. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық, зорлық-зомбылықтың алдын алу  (хабарламашы- мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Абилдаева)
  2. Зиянды заттардың адам ағзасына зиянды әсері және нашақорлықтың алдын алу жолдары (хабарламашы- мектеп аяжаны Г.Айқара)
  3. Булинг, кибербулингтің алдын алу шаралары (хабарламашы мектеп психологы Г.Кеңбейлова)



Т Ы Ң Д А Л Д Ы:


     Бірінші мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Абилдаева  қазіргі таңда жасөспірімдер арасында түрлі құқық бұзушылықтың болып жатқандығы түнгі мезгілде көшеге шықпауы керектігі жайында айтып өтті.Сонымен қатар отбасында, өзінен үлкендер тарапынан  зорлық-зомбылық болған жағдайда кімдерден көмек сұрауға  болатындығына тоқталды.

    Екінші мәселе бойынша мектеп аяжаны зиянды заттардың өсіп келе жатқан бала ағзасына қандай әсері болатынын түсіндірді. Сонымен қатар наша пайдаланатын балалар түрлі қылмыстық әрекет жасайтынын байқауға болатындығына тоқталды.

       Үшінші мәселе бойынша мектеп психологы Г.Кеңбейлова   «Булинг және кибербулингтің алдын алу» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде қазіргі таңда ұялы байланыс арқылы түрлі жолдармен қорқытып өздерінің айтқанын жасататындар белең алып отырғандығын және ондай жағдайда балаларға қалай көмек беруге болатындығына тоқталды.




ЖИ Н А Л Ы С   Ш Е Ш І М    Е Т Е Д І:


1.  Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық, зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында   жұмыс күшейтілсін.

2. Білім алушылар салауатты өмір салтын сақтау, бос уақытын тиімді ұйымдастару мақсатында үйірмелер мен іс-шараларға қатысулары үнемі қадағалансын

3. Балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында ұялы байланыстағы желілерге кіргенде сақтық шаралары жасалсын

Жиналыс төрайымы:               Г.Абилдаева

                                                     Хатшысы:                  М.Каленова  
















«№ 141 К.Сәбиров атындағы орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінде өткізілген  ата-аналар жиналысының


ХАТТАМАСЫ

2022 жыл қаңтар


Қатысқандар: мектеп директоры, ата-аналар, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасар , сынып жетекшілер, мектеп психологы, әлеуметтік педагог.


Қ А Р А Л А Т Ы Н   М Ә С Е Л Е:


1. Қайырымдылық акциясының жүргізу барысы.

2. І жарты жылдық оқу-тәрбие жұмысының қорытынды

   3. Көркейту-көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары. Ұйымдастыру жұмыстары


Т Ы Ң Д А Л Д Ы:


    Бірінші мәселе бойынша мектептің әлеуметтік педагогы мектепте демеушілердің көмегімен жүргізіліп жатқан қайырымдылық шаралардың өтілу барасымен таныстырды.

     Екінше мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Абилдаева  өткен оқу тоқсанындағы тәрбие бағыттары байынша  жүргізілген жұмыстар  және мектеп ұстаздары  мен оқушыларының онлайын түрде өтілген сайыстар мен шараларға қатысуы жайында тоқталды. Мектепте жүргізіліп жатқан әлеуметтік жобалардың тиімді жақтарымен таныстырып өтті. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Таженова оқушылардың тоқсан бойынша үлгірім сапасына тоқталды.    

       Үшінші мәселе бойынша мектеп тәлімгері М.Каленова   ақпан-наурыз айларындағы көркейту-көгалдандыру жұмыстарына тоқталды. Көркейту-көгалдандыру жұмыстарына жоғарғы сынып оқшыларының қатыстырылатыны айтылды.

    Осы мәселелер бойынша ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.


Ж И Н А Л Ы С   Ш Е Ш І М    Е Т Е Д І:


1.  Қайырымдылық шараларын жүргізу алдағы уақыттарда жалғасын тапсын.

2. Білім алушылардың шығармашылық қабілетін  дамытуға байланысты қойылатын талаптар үнемі қадағалансын және оқу сапасын арттыруға байланысты жұмыстар ата-аналармен бірлесе отырып жүргізілсін.

3. Балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында қадағалау жұмыстары жүргізілсін  және оқушыға қойылатын талаптарды орындау үнемі қадағалансын.  

Жиналыс төрайымы:               Г.Абилдаева

                                                     Хатшысы:                 М.Каленова