Мектеп түлегі Абасилов Аман » №141 К.Сәбиров атындағы орта мектебі
Қызылорда облысының білім басқармасының
Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№141 К.Сәбиров атындағы орта мектебі"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(7243) 24-18-12
Бухгалтерия
+7(7243) 24-18-12
Версия для
слабовидящих
» » Мектеп түлегі Абасилов Аман
26
апрель
2023

Мектеп түлегі Абасилов Аман

Абасилов Аман 1954-60 жылдары Ақшатау бөлімшесіндегі бастауыш, Арал қаласындағы Т.Г. Шевченко атындағы орта мектептерде оқыған. 1963 жылы “ Жақсы қылыш” жұмысшылар кенішіндегі орта мектептің 9шы класын тәмамдап, Қазалы ауылшаруашылық техникумының механика факультетіне оқуға түскен. Осы жылдары, яғни 14-15 жасар кезінде Арал аудандық “Толқын”, қазалы аудандық “Ленин жолы” газетіндегі тырнақалды өлеңдері, мақала, әңгімесі жарияланып, сөз өнеріне деген қабілеті, дарыны таныла бастаған. 1965 жылы Қазақстан Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетіне оқуға түсіп, 1969 жылдан республикалық жастар газеті “Лениншіл жаста” меншікті тілші, әдебиет және өнер бөлімінде бөлім меңгерушісі болып қызмет істеді. Республикалық баспасөз бетінде алғашқы өлеңдері “Ақ бұлақтар”, “Қыз қуу”, “Сыған саздары”, 1965-1966 жылдары (“Қазақ әдебиеті”, “Лениншіл жас”) жарық көрсе, алғашқы әдеби-сын мақалалары “Өлең аудармасының мәселелері”, “Толқынды толқын қуалар” т.б, Р.Тогордан аудармасы “Өлеңдер”, ақынның қуанышты алғашқы қадамы “Тұңғыш кітап” деп аталған өлеңдері “Жазушы” баспасында 1969 жылы жарық көрген “Найзағайлы жаз” атты 1971 жылы жарық көрген лирикалық өлеңдер жинағы жарыққа шықты. 1974-1985 жылдары “Жұлдыз” журналының поэзия, әдеби-сын және библиография бөлімдерін енгізді.