Сыр түлегі - №141 К.Сәбиров атындағы орта мектебі https://141-shieli.mektebi.kz/ ru Сыр түлегі - №141 К.Сәбиров атындағы орта мектебі DataLife Engine Мектеп түлегі Абасилов Аман https://141-shieli.mektebi.kz/syr-tulegi/103-mektep-tleg-abasilov-aman.html https://141-shieli.mektebi.kz/syr-tulegi/103-mektep-tleg-abasilov-aman.html
]]>
Абасилов Аман 1954-60 жылдары Ақшатау бөлімшесіндегі бастауыш, Арал қаласындағы Т.Г. Шевченко атындағы орта мектептерде оқыған. 1963 жылы “ Жақсы қылыш” жұмысшылар кенішіндегі орта мектептің 9шы класын тәмамдап, Қазалы ауылшаруашылық техникумының механика факультетіне оқуға түскен. Осы жылдары, яғни 14-15 жасар кезінде Арал аудандық “Толқын”, қазалы аудандық “Ленин жолы” газетіндегі тырнақалды өлеңдері, мақала, әңгімесі жарияланып, сөз өнеріне деген қабілеті, дарыны таныла бастаған. 1965 жылы Қазақстан Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетіне оқуға түсіп, 1969 жылдан республикалық жастар газеті “Лениншіл жаста” меншікті тілші, әдебиет және өнер бөлімінде бөлім меңгерушісі болып қызмет істеді. Республикалық баспасөз бетінде алғашқы өлеңдері “Ақ бұлақтар”, “Қыз қуу”, “Сыған саздары”, 1965-1966 жылдары (“Қазақ әдебиеті”, “Лениншіл жас”) жарық көрсе, алғашқы әдеби-сын мақалалары “Өлең аудармасының мәселелері”, “Толқынды толқын қуалар” т.б, Р.Тогордан аудармасы “Өлеңдер”, ақынның қуанышты алғашқы қадамы “Тұңғыш кітап” деп аталған өлеңдері “Жазушы” баспасында 1969 жылы жарық көрген “Найзағайлы жаз” атты 1971 жылы жарық көрген лирикалық өлеңдер жинағы жарыққа шықты. 1974-1985 жылдары “Жұлдыз” журналының поэзия, әдеби-сын және библиография бөлімдерін енгізді.


]]>
admin Wed, 26 Apr 2023 16:53:38 +0600
Мектеп түлегі Тәжікова Дүйсенкүл https://141-shieli.mektebi.kz/syr-tulegi/102-mektep-tleg-tzhkova-djsenkl.html https://141-shieli.mektebi.kz/syr-tulegi/102-mektep-tleg-tzhkova-djsenkl.html
]]>

Дүйсенкүл Тәжікова 1981 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтына «дәрігер-стоматолог» мамандығы бойынша оқуға түсті. Оқу орнын 1986 жылы бітіріп, 1986-2006 жылдар аралығында Шиелі аудандық емханасына қызметке орналасты. . Осыдан кейін көп жылдық тәжірибесінің арқасында 2004 жылы аудан орталығынан, араға жылдар салып облыс орталығынан «Алма Дент Сервис плюс» жекеменшік стоматологиялық кабинетін ашты. . 2008 жылы Алматы қаласында өткен дәрігер-стоматологтардың IV съезіне делегат болып қатысты. 2018 жылы Алматы қаласының білікті дәрігер-профессорларын шақырып, облыс көлемінде алғаш рет стоматологтар арасында мастер кластар өткізді.Дүйсенкүл Еркімбайқызы басқаратын антына адал, міндетіне жауапты мамандар адам денсаулығын сақтауда әрдайым абырой биігінен көрінетініне сенім мол.


]]>
admin Wed, 26 Apr 2023 16:47:22 +0600
Мектеп түлегі Омашев Бейбіт Елемесұлы https://141-shieli.mektebi.kz/syr-tulegi/101-mektep-tleg-omashev-bejbt-elemesly.html https://141-shieli.mektebi.kz/syr-tulegi/101-mektep-tleg-omashev-bejbt-elemesly.html
]]>

Мен Омашов Бейбіт Елемесұлы 1972 жылы 25 сәуірде Қызылорда облысы Сырдария ауданы Сұлутөбе ауылында дүниеге келдім.

Ұлтым- қазақ 

1979 жылы Сырдария ауданы 141 орта мектебіне қабылданып 1989 жылы бітірдім.

1989-1990 жылдар аралығында 1 Май савхозы 4 бөлімінде жұмыс істедім. 1990-1992 жылдар аралығында Совет Армиясы қатарында   болдым. 1992-1994 жылдар аралығында СПМК 04 - ПМК 80 ағаш ұстасы болып жұмыс істедім.

1994 - 2004 жылдар аралығында Қызылорда қаласында Мемлекеттік Фельдъегерлік қызмет басқармасында Арнайы тапсырма жөніндегі аға инспекторы лауазымында қызмет атқардым. 2004 жылы Қарағанды облысы Жезқазған қаласына ауыстырылдым. 2008-2016 жылдар аралығында Мемлекеттік Фельдъегерлік Басқарма қызметінің Бастығының орынбасары болып қызмет атқардым.

2016-2018 жылдар аралығында Басқарма бастығы болып қызмет атқардым.

2018 жылы Наурыз айында  Еңбек демалысына шықтым.


1998 жылы Қызылорда инженерлік - экономикалық институтына сырттай бөліміне түсіп 2008 жылы Болашақ университетін тәмамдадым.


]]>
admin Wed, 19 Apr 2023 18:04:24 +0600
Мектеп түлегі Тәжиев Асқар Сәрсенұлы https://141-shieli.mektebi.kz/syr-tulegi/100-mektep-tleg-tzhiev-asar-srsenly.html https://141-shieli.mektebi.kz/syr-tulegi/100-mektep-tleg-tzhiev-asar-srsenly.html
]]>

Өмірбаян


Тәжиев Асқар Сәрсенұлы 1991 жылы 9 ақпанда Қызылорда облысы Шиелі ауданы Майлытоғай ауылында дүниеге келген. Майлытоғай ауылындағы №141 Қапан Сәбіров атындағы орта мектепті 2008 жылы бітіріп, қыркүйек айында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің журналистика мамандығына оқуға түскен.

Мектеп қабырғасында жүріп аудандық, облыстық пәндік олимпиадалардың жүлдегері атанды. 2007 жылы Қарағанды қаласында өткен республикалық ғылыми жобалар байқауында ІІ дәрежелі диплом иеленді. Дойбы, тоғызқұмалақ ойындарынан облыстық жарыстардың жеңімпазы.

Жоғары оқу орында жүріп университеттің «Сыр түлегі» басылымында бір жылдай тілші болып жұмыс атқарды.

2010 жылы 1 ақпаннан бастап 2011 жылдың мамыр айына дейін республикалық экологиялық «Табиғат тынысы» газетінде тілші; 

2011 жылдың маусымынан бастап  2012 жылдың сәуіріне дейін республикалық әдеби-мәдени «Әлімсақ» журналында тілші қызметін атқарды. «Әлімсақ» журналында тілші болып жүріп облыстың мәдени өміріндегі жаңалықтарды насихаттағаны үшін 2011 жылы облыс әкімінің «Руханият жаршысы» номинациясын иеленіп, алғыс хатын алды. 

2011-2012 жылдары аймақтық «Ұстаз мәртебесі» газетінде тілші болып жұмыс істеді. 

2012 жылдың шілде айынан 2014 жылдың 31 тамызына дейін Қызылорда қоғамдық телеарнасында редактор қызметін атқарып келді. Телеарнада «Шарайна» ақпараттық бағдарламасының дикторы, «Жастар және ...» ток шоуының жүргізушісі болумен қатар   «Әкім сағаты» хабарын дайындауға атсалысты. Белгілі журналист Қази Данабаев атындағы дойбыдан БАҚ арасында өткізілетін турнирдің екі мәрте жеңімпазы. Зейнулла Жарқынбаев атындағы дойбы турнирінің бірінші орын иегері.

 2014 жылдың 2 қыркүйегінен бастап облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Жаңалықтар қызметі» бөлімінде редактор. Телеарнада «Еңбек түбі - береке», «Мәслихат» бағдарламасының жүргізушісі, әрі редакторы.

2015 жылы Қазақстан Ресупбликасы Журналистер Одағының мүшелігіне өтті.

2015 жылы Жалағаш ауданы әкімінің алғыс хатымен;

2016 жылы облыс әкімі Қ.Көшербаевтың алғыс хатымен; 

Әр жылдары облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметі бастығының алғыс хатымен; Қорқыт ата атындағы ҚМУ ректорының алғыс хатымен; Қазалы, Шиелі, Жалағаш, Сырдария ауданы әкімдерінің алғыс хатымен марапатталған.

2017, 2019, 2021, 2022 жылдары облыс әкімінің дипломымен марапатталған. 

Отбасылы. Үш қыз, бір ұлы бар. 


]]>
admin Tue, 18 Apr 2023 12:23:30 +0600
Мектебіміздің түлегі Жахман Рыскелді https://141-shieli.mektebi.kz/syr-tulegi/99-mektebmzd-tleg-zhahman-ryskeld.html https://141-shieli.mektebi.kz/syr-tulegi/99-mektebmzd-tleg-zhahman-ryskeld.html
]]>

ӨМІРБАЯН

Жахман Рыскелді Сәрсенұлы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Майлытоғай ауылында 1996 жылдың 19 қазанында дүниеге келген.

2014-2018 жылдар аралығында «Болашақ» университетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2015-2016 жылдары республикалық қоғамдық-саяси танымдық апталық «Алаш жолы» газетінде бастаған.

2016-2020 жылға дейін республикалық қоғамдық-саяси тәуелсіз апталық «Халық» газетінде тілші болып жұмыс істеген.

2020-2022 жылдары Halyqline.kz сайтының ақпарат агенттігінің редакторы болды. 2022 жылдан бастап «Халық» газеті бас редакторының орынбасары-жауапты хатшысы және І.Қабылов атындағы №12 IT-мектеп-лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін атқарып келеді.

Ол – ақын, педагог, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Рыскелді Сәрсенұлы – облыстық, аудандық (Мақтанышым, айбарым, желбіре көк байрағым!, 2017 ж, Шындық – Тәңір, 2019 ж) жыр мүшәйраларының жеңімпазы. Өлеңдері Сыр ақындарының антологиясына («Сыр сандық» кітабы), республикалық басылымдарда жарық көрген. Сондай-ақ, журналистер арасында ұйымдастырылған түрлі байқауларда жоғары жетістіктерге (Республикалық (тоғызқұмалақ, футбол), Qazforum-2020: Қазақ интернетінде контент жасаушылардың IV форумы, т.б.) жетіп жүр. Облыс әкімінің, қала, аудан әкімдерінің, басқарма басшыларының алғыс хатын иеленген. Атап айтқанда, байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған «Қанатты қалам – 2019» байқауында «Спорт жаршысы» номинациясымен марапатталса, Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының «Ең үздік спорт журналисі» номинациясына ие болды.

]]>
admin Mon, 17 Apr 2023 17:21:31 +0600