Рухани-адамгершілік тәрбие іс-шарасының анықтамалары » №141 К.Сәбиров атындағы орта мектебі
Қызылорда облысының білім басқармасының
Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№141 К.Сәбиров атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7243) 24-18-12
Есепші бөлімі:
+7(7243) 24-18-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
апрель
2022

Рухани-адамгершілік тәрбие іс-шарасының анықтамалары

№141 К.Сәбиров атындағы орта мектепте 

2021 жылы 10 қыркүйек күні «Бір ел-бір кітап» тақырыбында өтілген іс-шараның

 анықтамасы


    Шиелі аудандық білім бөлімінің 2021 жылғы 7 қыркүйектегі №2800 хатына сәйкес 2-11 сынып білім алушылар арасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында, «Отбасы күні» мерекесіне орай, оқушылардың мәнерлеп оқуға құштарлығын арттыру мақсатында сынып сағаттары өтілді. Іс-шара барысында ақын- жазушылардың шығармаларымен таныстырылып, мәнерлеп өлеңдер оқылды.

    Мектеп кітапханасында білім алушылардың кітапқа деген құштарлығын арттыру мақсатында іс-шара өткізіліп, кітап бұрышы ұйымдастырылды.

  Жүргізілген жұмыстар әлеуметтік желіде жарияланды.

   Сілтемесі: https://clck.ru/XVo59 





№141 К. Сәбиров атындағы орта мектепте 2021 -2022 оқу жылында Отбасы күніне байланысты «Отбасы- отан тірегі» тақырыбында жүргізілген жұмыстардың анықтамасы


      Отбасы күні мерекесіне байланысты 2-7 сыныптар арасында «Мерейлі отбасы» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты отбасы мүшелері арасындағы сыйластықты арттыру, отбасы мүшелір арасындағы байланысты нығайту болды. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз оқушылар марапатталды.




   Сыныптарда оқушыларға  отбасы күні туралы мәлімет беру, отансүйгіштікке, адамгершілікке, рухани тазалыққа баулу және отбасы мен ата-ананы бағалауды үйрету мақсатында «Отбас-өмір айнасы», «Отан отбасынан басталады» тақырыптарында сынып сағаттары өтілді. 


 Отбасын құрметтеуге байланысты бейнеролик дайындалып, әлеуметтік желіде жарияланды.

Сілтемесі: https://clck.ru/XbwvL

№141 К. Сәбиров атындағы орта мектепте 

2021 -2022 оқу жылында «Мен сияқты жаса» тақырыбында өтілген челлендждің анықтамасы


Оқушылар арасында адалдық құндылығы туралы түсінік беру, қоғамға адал қызмет ету сезімін қалыптастыру мақсатында «Мен сияқты жаса» челленджіне мектеп оқушылары өз үлестерін қосты.Жүргізілген жұмыстар әлеуметтік желіде жарияланды.


Сілтемесі: https://clck.ru/XbwwB




№141 К.Сәбиров атындағы орта мектепте

 1 қазан –Халқаралық қарттар күніне байланысты өтілген шараның анықтамасы


  1-қазан –Халықаралық қарттар күніне орай ардагерларге құрмет көрсету мақсатында «Қарты бар үйдің қазынасы бар» тақырыбында  ашық тәрбие сағаттар мен кездесулер өтілді. Іс-шара барысында балалардың дайындаған ашық хаттары тапсырылды. Ардагерлерге құттықтау хаттары берілді.




   Өтілген шара әлеуметтік желіде жарияланды.

Сілтемесі: https://clck.ru/YDCFL      



№ 141 К.Сәбиров атындағы орта мектепте 2021-2022 оқу жылында  Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына және Социалистік Еңбек Ері Закира Ержанованың 95 жылдығына орай өтілген іс-шараның анықтамасы


      Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына және Социалистік Еңбек Ері Закира Ержанованың 95 жылдығына орай «Даланы дәнмен тербеткен» тақырыбында сынып сағаттары өтілді. Іс-шара барысында елімізді әлемге танытқан дихан бабамыз бен ізбасарларының ерен еңбектері жайында айтылды.





       Мектеп оқушыларына «Ұлт мақтанышы» тақырыбындағы деректі фильм көрсетілді. Ақ күріштің атасы, дала академигі атанған ерен еңбегінің арқасында елімізді әлемге танытқан диқан бабамыз Ыбырай Жахаевтың өмір жолы таныстырылды.




Еңбегімен елге танылған екі мәрте Социалистік Еңбек Ер Ыбырай Жахаев және Социалистік Еңбек Ері Закира Ержанованың еңбек жолымен таныстыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында шығарма, эссе жазу байқауы өтілді.








Өтілген шара әлеуметтік желіде жарияланды.

Сілтемесі:

https://clck.ru/YDCHg 

https://clck.ru/YDCLT 

https://clck.ru/YDCNm


№141 К.Сәбиров атындағы орта мектепте 2021 жылы Дина Нұрпейсованың туғанына 160 жыл толуына орай өтілген іс-шараның анықтамасы


     Күй өнері – қазақ халқының ең құнды, бағалы мұраларының бірі. Қаны мен жанында күй ойнаған ұлтымыз тума таланттарға кенде емес. Сондай дарын иелерінің бірі – қазақ өнерінде өзінің өшпес ізін қалдырған күйші, композитор Дина Нұрпейісованың туғанына биыл 160 жыл толуына орай оқушылар арасында іс-шара өтілді. Іс-шара батыс өңірінің халық композиторы Дина Нұрпейісова туралы толық мәлімет беру, өлеңдер оқу, күйді тыңдату арқылы балалардың эстетикалық талғамын ояту, күйлердің шығу тарихынмен таныстыру мақсатында өтілді.




Өтілген шара әлеуметтік желіде жарияланды. 

Сілтемесі: https://clck.ru/YRrFp



№141 К.Сәбиров атындағы орта мектепте 2021 жылы 11-15 қазан аралығында «Сиқырлы әлем» тақырыбында өтілген психологиялық апталықтың өтілуі жайлы анықтама


       Шиелі ауданы бойынша білім бөлімі облыстық оқу орталығының 5 қазан 2021 жылғы №819 санды хатына және Шиелі білім бөлімінің 12 қазан 2021 жыл №3331 санды хатына сәйкес «Сиқырлы әлем» психологиялық апталық өтілді. Апталық барысында «Сенің арманың», «Біздің мектепте.. болғанын қалаймыз», «Мен жасай аламын», «Менің сүйікті спорт түрім» тақырыптарында плакаттарға оқушылар өз ойларын жазды. «Құпия дос» тақырыбы бойынша оқушылар жасырын түрде өзінің достарына тілектер жазылған сыйлықтарын берді. 

     1-11 сынып  оқушылары арасында «Із кесуші» ойыны ойналды. Ойын барысында сілтемелер арқылы жасырылған затты тапқан оқушылар сыйлықтарын алды.

    Ата-аналар мен оқушыларға арналған шебер сынып сағаты өтілді. Іс-шара барысында ата-аналар балалармен бірге  бұйымдар жасап, пікірталас өткізді.   



«Көңіл күй» баспалдағы тақырыбында өтілген шара барысында оқушылар көңіл-күйлерінің жақсы болуына не әсер етеді деген сұрауларға жауап ретінде плакаттар шығарды




№ 141 К.Сәбиров атындағы орта мектепте

 2021 жылы 23 қараша- Жалпыадамзаттық құндылықтар күнін атап өткізу аясында жүргізілген жұмыстардың анықтамасы


     Жалпыадамзаттық құндылықтар күнін өткізу аясында  оқушы, ата-ана мен педагогтердің қатысуымен адамның рухани-адамгершілік әлеуетін арттыруға, құндылық бағдары мен қоғамға қызмет ету дағдыларын дамытуға арналған шаралар өтілді.

   "Сүйіспеншілік - адамның басты қасиеті, ақиқат - оның негізі, дұрыс әрекет - оның шынайы өмірі" тақырыбында сынып сағатында оқушылар жақсы қасиет адам бойындағы ең асыл құндылық екенін тілге тиек етті.

    Оқушылырдың шығармашылық қабілеттерін дамыту, адамның жақсы қасиеттерімен таныстыру мақсатында сурет салудан сайыс болып өтті. Сондай-ақ шәкірттеріміз жалпы адамзаттық құндылықты насихаттайтын "Қайырымдылық -жылы жүректен" тақырыбына фото сурет байқауы өтілді.

    Жоғары сынып оқушылары арасында "Адалдық - ардың ісі" тақырыбында өтілген    шара барысында білім алушыларға мәңгілік құндылықтар – білім негізі және оның өзегі болып табылатындығы және ақиқат, дұрыс әрекет, тыныштық, сүйіспеншілік, қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз білімді адам деп атауға болатындығын түсіндірілді.

   Мектеп кітапханашысы рухани-адамгершілік тәрбиеге арналған кітаптармен танастырды.






Өтілген шара әлеуметтік желіде жарияланды 

Сілтемесі: https://clck.ru/YypRn