2022 - 2023 оқу жылына арналған оқу - әдістемелік бағытындағы жылдық Ж О С П А Р Ы » №141 К.Сәбиров атындағы орта мектебі
Қызылорда облысының білім басқармасының
Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№141 К.Сәбиров атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7243) 24-18-12
Есепші бөлімі:
+7(7243) 24-18-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022 - 2023 оқу жылына арналған оқу - әдістемелік бағытындағы жылдық Ж О С П А Р Ы
13
январь
2023

2022 - 2023 оқу жылына арналған оқу - әдістемелік бағытындағы жылдық Ж О С П А Р Ы

«Бекітемін»

Мектеп диркторы                             С.Әбуұлы

«31» тамыз, 2022ж






Қызылорда облысының білім басқармасының   

Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің 

 «№141 К.Сәбиров атындағы орта мектебі»

 коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

  2022 - 2023 оқу жылына арналған 

оқу - әдістемелік  бағытындағы жылдық 


Ж О С П А Р Ы




Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 

 (16.09.2021 № 472 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) бұйрығы негізінде жасалды.



Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: 

 Таженова Айгуль Малайдаровна






М А З М Ұ Н Ы







                       І бөлім. Кіріспе:


  1. Оқу-әдістемелік қызметтің  2021-2022  оқу   жылында  атқарған   жұмыстарға қысқаша талдау
  2. Оқу-әдістемелік қызметтің 2022-2023 оқу жылының мақсаты мен басым міндеттері

ІІ бөлім. Жалпыға бірдей міндетті білім беру заңының орындалуы


            2.1. Жалпыға бірдей міндетті білім беру заңының орындалу жоспары

            2.2. Нормативтік-құқықтық база


ІІІ  бөлімПедагог мамандармен жұмыс жүйесі.

            3.1.Педагогтардың кәсіби деңгейін өсіру, педагогикалық біліктілік пен шеберлікті көтеру, жаңартылған білім беру   

                  мазмұны және жаңа педагогикалық технологиялармен жұмыс

           3.2. Жаңартылған білім беру мазмұны негізінде оқу-тәрбие үдерісіндегі инновациялық жұмыстарды ұйымдастыру

3.3. Мұғалімдерді біліктілік аттестациясынан, қайта аттестациядан өткізу

3.4. Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу үдерісі жоспары


ІҮ бөлім. Талантты және дарынды, үлгермеуші оқушылармен жұмыс.

4.1. Дарынды балаларды үштілдік оқыту мен тәрбиелеу бойынша қызмет

4.2. Оқу мотивациясы төмен  оқушылармен жұмыс


Ү  бөлім.Білім алушылардың оқыту нәтижелерін бағалау.

5.1. Қорытынды аттестаттауға дайындықты ұйымдастыру және өткізу.

5.2. Пәндік олимпиадаларға дайындықты ұйымдастыру және өткізу.

5.3.  Критериалды бағалау бойынша жүргізілетін жұмыстар


VІ бөлім. Мектепішілік бақылау мен басқару жүйесі.
 
            6.1. Ғылыми -   әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру жоспары 





МЕКТЕПТІҢ  ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС ТАҚЫРЫБЫ:




«Мұғалімнің кәсіби құзырлылығын арттыру арқылы мектеп дамуының тұлғаға бағытталған ұстанымын жүзеге асыру».

МАҚСАТЫ:Білім салаларының оқу пәндері бойынша     білімді меңгерту;шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға қабілетті  тұлға   қалыптастыруда   және дамытуда  сапалы білімге қол жеткізу


МІНДЕТІ:

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:

1.Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңы, Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта және жалпы білім берудің     Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көрсетілген білім деңгейін меңгеруді жүзеге асыру, білім сапасын арттыру;

2.Оқушыны кәсіби жолын таңдай алуға, өмір бойы білім ала білуге қабілетін ояту, өзін-өзі басқаруға жетелеу,  ҰБТ-ге дайындауда оқушы сұранысын және ерекшелігін ескере отырып  білім беру;


3.Әрбір білім алушының  отбасымен әріптестік қарым-қатынас орнатуға, балалардың денсаулығын қорғауға және баланың жан-жақты дамуына, қосымша білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолайлы жағдай туғызуды қамтамасыз ету;


  1.Білім беру мазмұны жаңартылады:            Мемлекеттік стандарттар мен оқу бағдарламаларын меңгертуде құзыреттілік тәсіліне бағытталған білім беру мазмұны қамтамасыз етіледі;

2.Ғылыми-зерттеу жағынан қамтамасыз етіледі: Оқушыларда функционалдық сауаттылық қалыптасады; 

отбасы мен мектептің өзара әрекетінің мазмұны жаңартылып, ата- аналардың баланың білім алуы мен тәрбиесіне назар аударуы артады; 

3.Оқу- әдістемелік қамтамасыз етіледі:        Оқулықтармен толық қамтамасыз етіледі; оқу кабинеттері- нің сапасы жақсарады;  ақпараттық – коммуникациялық технологияларды  пайдалану деңгейі артады;




№141К.Сәбиров атындағы мектептің 2021-2022 оқу жылында атқарылған оқу-әдістемелік жұмыстарға талдау



SWOT -   талдау 


МҮМКІНДІКТЕР 


ҚАТЕРЛЕР 

  1. Мектепті дамытуға, жаңашылдықпен басқаруға мүмкіндігіміз бар
  2. Біліктілігін арттыру курстары арқылы педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға мүмкіндігіміз бар.
  3. Кәсіби байқауларға қатысып, үздік тәжірибе алмасуға, авторлық бағдарлама шығаруға мүмкіндігіміз бар
  4. Білім сапасының өсуінен мектептегі үздік, екпінді оқушыларымыздың санын арттыруға, сапалы білім беруге мүмкіндігіміз бар.      
  5. Үштік одақтың байланысы арқылы мектепті дамытуға мүмкіндігіміз бар.
  6. Педагогикалық қоғамдастықтың жұмысын жолға қоюға мүмкіндік бар; 


  1. Бастауыш пен орта буын арасындағы сабақтастықтың әлсіздігінен білім сапасының төмендеу қаупі бар;
  2. Педагог кадрлардың ақпараттық құзыреттіліктерінің төмендігінен сабақта заманауи құралдарды қолдану, интернет ресурстарын, тиімді платформалар мен жаңа бағдарламаларды тиімді пайдалана алмау қаупі бар;
  3. Мектепішілік басқару –басшылықтың әлсіздігінен оқу-тәрбие үрдісінің кемшін тұстарын айқындай алмау, оны жою жолдарын қарастыруда жүйелілік болмауы мүмкін;
  4. Пән кабинеттерінің заманауи үлгімен жабдықталмауынан және дидактикалық қордың жетіспеушілігінен  сабақтардың сапасыз өтуі мүмкін;                        

КҮШТІ ЖАҚТАРЫМЫЗ


ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫМЫЗ 

  1. Әдістемелік қызметтің тиімді ұйымдастырылуы
  2. Педагог қызметкерлерге қойылатын құзіреттілік талаптардың орындалуы
  3. Білім сапасының өсуі.
  4. Біліктілігі жоғары педагогтардың болуы
  5. Үштік одақтың жұмысы (мектеп, ата-ана. оқушы)


  1. Ескі материалдық-техникалық жабдықталу мен оқу-әдістемелік материалдардың жетіспеуі
  2. АКТ құзыреттіліктің төмендігі
  3. Кейбір сыныптарда білім сапасының төмендігі
  4. Олимпиадалық резервпен жұмыстың әлсіздігі
  5. Озық тәжірибе алмасу мен таратудағы әлсіздік
  6. Сабақ сапасын арттыруда мұғалімдердің бірізділіктен ажырамауы
  7. Әдістемелік пән бірлестіктеріндегі жаңашылдық пен сабақтастықтың әлсіздігі.



№141 К.СӘБИРОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ   ЖҮРГІЗІЛЕТІН ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

2022 - 2023 оқу жылы


Негізгі жұмыс бағыттары

Іс-шаралар

Жауаптылар

Орындау мерзімдері

ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ ЗАҢЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ОҚУ-ТӘРБИЕ ҚЫЗМЕТІН САПАЛЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ


Оқу жылының басталуы, сыныптарды жинақтау және оқушылардың жеке іс қағазының бар болуын тексеру.

ДОІЖО

 сынып жетекшілер

Тамыз

Сынып кабинеттерінің жағдайын бақылау.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Тамыз

Оқу жүктемесін бөлу, тарифтеу

Тамыз

ОШ-1, РИК-83 есебін тапсыруға құжаттамаларды дайындау

Тамыз

Сабақ кестесін талапқа сәйкес жасау.

Тамыз

Күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды бекіту.

ДОІЖО

Бірлестік жетекшілері

Тамыз

Физика, химия, биология, информатика, дене тәрбиесі,     көркем еңбек пәндерінде техника және өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары 

Қыркүйек

Сынып оқушыларының тізімін, жетім балалар, көпбалалы,  қиын,     нашар қамтамасыз етілген отбасы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тізімін жасау.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары 

Әлеуметтік педагог


Тамыз

Оқушылар қозғалысының есебін алу. 


Директордың оқу ісі 

жөніндегі орынбасары,

 сынып жетекшілер

Тамыз

Дене шынықтыру сабақтарынан босатылған оқушыларды анықтау

Мектеп медбикесі

Қыркүйек

Ұлттық білім беру деректер қорын толықтыру жұмыстарын сапалы жүргізу

Директордың оқу ісі 

жөніндегі орынбасары

Жыл бойы

Оқу жүктемесін, сынып жетекшілікті, кабинет меңгерушілікті, бірлестік жетекшілік, үйірме жетекшілікті бөлу

Директордың оқу ісі 

жөніндегі орынбасары

Тамыз

Ұлттық бірыңғай деректер қоры мәліметін сапалы толтыру.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Жыл бойы

Жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру.

ДОІЖО

Маусым

ҚАТАҢ ЕСЕПТЕГІ ҚҰЖАТТАРДЫ САПАЛЫ ЖҮРГІЗУ

Алфавиттік кітапты жүргізу

Директордың оқу ісі 

жөніндегі орынбасары 

Тоқсанына 1 рет

Педагогтердің оқу жүктемесін бөлу (тарифтеу)

Тамыз, қаңтар

Электронды сынып журналының дұрыс толтырылуын бақылау, тексеру

Айына 1 рет

Босатылған және ауыстырылған сабақтарды есепке алу журналын жүргізу.

Айына 1 рет

Келген, кеткен оқушыларды тіркеу кітабын жүргізу.

Тоқсанына 1 рет

Педагог кадрларды тіркеу кітабын жүргізу

Жылына  1 рет

Білім алушылардың үлгерімі туралы табельдерді есепке алу кітабын жүргізу.

Жылына 1 рет

Негізгі орта білім беру ұйымын бітіргендігі туралы аттестатты беру және есепке алу кітабын жүргізу

Жылына 1 рет

Жалпы орта білім туралы аттестатты есепке алу және беру кітабын жүргізу.

Жылына 1 рет

Мақтау грамоталарын және мақтау қағаздарын 

беруді есепке алу кітабын жүргізу.

Жылына 1 рет

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІМ САПАСЫНЫҢ МОНИТОРИНГІ

Пәндер бойынша білім алушылардың біліміне әкімшілік бақылау жұмыстарын жүргізу

Директордың оқу ісі 

жөніндегі орынбасары 

Қыркүйек, 

тоқсан сайын

Оқушылардық тоқсандық, жылдық  үлгерім есебін алу.

Тоқсанына 1 рет

Пәндерді оқыту деңгейі БСМЖМ талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында жоспарлы сабақтарға қатысу, қатысқан сабақтарға рефлексиялық, әдістемелік талдау жасау.

Айына 8 сабақ

Пәндер бойынша 5 жылдық үлгерім сапасының мониторингін жасау.

Жылына 1 рет

Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу бағытында 4, 9, 11-сыныптарда тестілеу, ББЖМ, байқау тестілеуін өткізу

Ай  сайын

Пәндер бойынша әдістемелік кеңес беру (қосымша сабақ)   кестесін құру

Жыл бойы

Білім сапасы төмен пәндер мен оқушыларды анықтау, білім сапасын көтеру бағытында шаралар ұйымдастыру.

Тоқсанына 1 рет

ПЕДАГОГ КАДРЛАРМЕН ЖҰМЫС

Жаңа оқу жылының ерекшеліктерімен, нормативтік-құқықтық құжаттармен танысу, әдістемелік отырыстарда талдау.

Директордың оқу ісі 

жөніндегі орынбасары

Тамыз 

Педагог кадрлардың сандық, сапалық құрамының мониторингісін жасау,  рейтингісін шығару. 

Қыркүйек 

Мұғалімдердің шығармашылықпен айналысуына бақылау жасау. Мектептегі озат педагогикалық тәжірибелерді талдау және мектеп практикасына енгізуге жағдай туғызу, насихаттау.

Жыл бойы 

Пәндер бойынша оқу бағдарламаларының орындалуын әдістемелік отырыстарда талдау.

Жоспарға сәйкес

Сабақтарды бақылау нәтижелерін пәндік әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңес отырыстарында жүйелі түрде талқылау.

Жоспарға сәйкес

Педагогтардың желілік қауымдастығын жетілдіру.

Жыл бойы

Мектеп активтерімен әдістемелік жұмысты үйлестіру, фокус топтар құру.

Жыл бойы

Педагог кадрларды аттестаттауды жоспарлау; мектептегі аттестаттау комиссиясының қызметі

Қыркүйек

наурыз

Мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттырудың перспективалық жоспарын жасау

Қыркүйек

Оқыту және құжаттамамен жұмыс мәселелері бойынша жас мамандармен жұмыс, тәлімгерлер тағайындау.

Жоспарға сәйкес

Аудандық әдістемелік семинарлар мен конференцияларға қатысу. Авторлық бағдарламалар, әдістемелік әдебиеттерді, баспа мақалаларын талдау.

Жыл бойы

Мұғалімдерді жаңа технологиямен таныстыру, өзінің кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық іс-шараларға қатысуын қадағалау.

Жыл бойы

Журнал толтыру, техника қаупсіздігі, жеке іс-қағаздарды толтыру  бойынша педагогтарға кеңес беру.

Тамыз

Қаңтар 

Тәжірибе материалдарын көрнекті түрде әдістемелік кабинетке ұсыну, БАҚ жариялау, ақпараттық стенд.

Жыл бойы





КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР



Критериалды бағалау жүйесі бойынша мектеп үйлестірушісінің жұмыс жоспарын жасау, бекіту.

Директордың оқу ісі 

жөніндегі орынбасары

Қыркүйек

Жаңа білім беру мазмұнына байланысты критериалды бағалау жүйесі бойынша  нормативттік құжаттармен танысу.

Үйлестіруші



Қыркүйек

Жиынтық бағалауды өткізу жоспарын және кестесін жасау, бекіту 

Үйлестіруші

ДОІЖО 

Тоқсан сайын

Пән мұғалімдерінен жиынтық бағалау қорытындысының есебін алу. 

ДОІЖО 

Бірлестік жетекшілері

Тоқсан сайын

Критериалды бағалау жұмыстарының жүргізілу жүйесін қадағалау, бақылау, әдістемелік көмек беру.

Үйлестіруші 


Уақытында 

Бөлім, ортақ тақырыптар және тоқсандық жиынтық бағалаудың тапсырмаларын дайындау өткізу, қадағалау

Бірлестік жетекшілері

Пән мұғалімдері

Кестеге сәйкес

Критериалды бағалау бойынша коучинг, оқыту семинарларын ұйымдастыру.

Мектеп тренерлері

Тоқсан сайын

Критериалды бағалау жүйесін енгізуге қатысты үйлестірушінің қорытынды есебі

Үйлестіруші


Жарты жыл 

соңында

ОҚУ МОТИВАЦИЯСЫ ТӨМЕН ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС 


Мектеп бойынша әр сыныптағы үлгерімі төмен оқушыларды анықтау.

Пән мұғалімдері

Қыркүйек 

Үлгерімі төмен оқушылармен пән мұғалімдерінің жұмысын жоспарлау және бекіту.



Директордың оқу ісі 

жөніндегі орынбасары 

Қыркүйек 

Үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жасау кестесін құру.

Қыркүйек

Пән мұғалімдерінің саралау тапсырмаларымен жұмысын бақылау, авторлық жинақ шығару.

Жыл бойы

Үлгерімі төмен оқушылардың танымдық ерекшеліктерін бақылау және талдау жасау.

Мектеп психологы 

Дефектолог

Тоқсан сайын 

Үлгерімі төмен оқушыларды мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене араластыру.

Сынып жетекшілері

Жыл бойы

Үлгерімі төмен оқушылардың білімдік сайыстарын ұйымдастыру.

Пән мұғалімдері

Қараша

Ақпан

Әр тоқсан сайын пәндер бойынша жазба жұмыстарын, оқу техникасын алып, білім көрсеткіштерінің мониторингін жасау.

Бірлестік жетекшілері

Тоқсан сайын

Сынып бойынша үлгерімі төмен оқушылар санын азайту бағытында түрлі шаралар ұйымдастыру

Сынып белсенділері

Тәлімгер

Қараша, сәуір

Үлгерімі төмен оқушылардың ата-аналарымен  бірлесіп, сапаға жету жолдарын қарастыру.

Сынып жетекшілер

Қыркүйек-мамыр

ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ 

ЖӘНЕ ӨТКІЗУ 


9, 11-сынып оқушыларын «Мемлекеттік қорытынды аттестаттау» ережесімен таныстыру.

Директордың оқу ісі 

жөніндегі орынбасары

Наурыз

Оқушылармен, мұғалімдермен және ата-аналармен қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу бойынша оқыту семианарын  ұйымдастыру


Директордың оқу ісі 

жөніндегі орынбасары

Сәуір

Пәндер бойынша қосымша сабақ   кестесін құру

Қаңтар

Алтын белгі, үздік аттестатқа үміткерлерді анықтау.

Пән мұғалімдері

Наурыз

Қорытынды аттестатауға дайындық мақсатында пәндер бойынша  сынама тест алу, қорытындысын шығару.

Директордың оқу ісі 

жөніндегі орынбасары

Қаңтар-мамыр

Қорытынды аттестаттау дайындығы бойынша түлектерге психологиялық қолдау көрсету.

Педагог-психолог 


Ақпан

мамыр

Қорытынды аттестаттау мақсатында мұғалімдер жұмысының нәтижелілігін бақылау (сабақтарға және қосымша сабақтарға қатысуы)

Директордың оқу ісі 

жөніндегі орынбасары

Ақпан  

Сәуір

Оқу жылының аяқталуы туралы нормативтік құжаттармен таныстыру бойынша сынып және ата-аналар жиналысын өткізу.

Сынып жетекшілер

Мамыр

ЕРЕКШЕ БІЛІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БІЛІМ АЛУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Дәрігерлік сараптама қорытындысы негізінде ЕБҚ оқушылар тізімін жасау.

Дефектолог

Педагог-психолог     

Тамыз

Қыркүйек 

ЕБҚ оқушылардың әлеуметтік картасын жасау

Сынып жетекшілері

Қыркүйек 

Сабақтарының сапалы өтілуін қадағалау, бағдарламаның орындалуын тексеру

Директордың оқу ісі 

жөніндегі орынбасары

Жыл бойы

Ата-аналармен байланыс жасай отырып, ЕБҚ оқушылармен іс –шаралар ұйымдастыру.

Сынып жетекшілер

Пән мұғалімдері

Жоспарлы


МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Пәндер бойынша білім алушылардың біліміне әкімшілік бақылау жұмыстарын жүргізу, білімдегі олқылықтарды анықтау, талдау

Директордың оқу ісі 

жөніндегі орынбасары

Пән мұғалімдері

Қыркүйек

Сабаққа бекітілген кесте бойынша қатысу, бақылау және әдістемелік талдау жүргізу.


Директордың оқу ісі 

жөніндегі орынбасары 

Бірлестік жетекшілері

Бекітілген кесте бойынша

Күнтізбелік-тақырыптық жоспарды, қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарларды тексеру.

Жарты жылдықта 

1 рет

БЖБ және ТЖБ-ның жүргізілуін тексеру

Кесте  бойынша

Оқыту процесінде педагогтердің қашықтан оқыту технологиялары мен ЦБР қолдануын талдау.

Жарты жылдықта 

1 рет

Оқушылардың жұмыс дәптерлерінің тексерілуін бақылау.

Айына 1 рет

Қоғамдық, құқықтық   пәндерінің МЖМБС сәйкес оқытылуын тексеру,  қорытындысын талдау,  оқушылардың функц. сауаттылығын дамыту  жұмыстарының жүргізілуі




Директордың оқу ісі 

жөніндегі орынбасары 

Бірлестік жетекшілері

Қараша 

Математика, физика және информатика   пәндерінің МЖМБС сәйкес оқытылуын тексеру,  қорытындысын талдау,  оқушылардың функц. сауаттылығын дамыту    жұмыстарының жүргізілуі.

Қаңтар

Жаратылыстану      пәндерінің МЖМБС сәйкес оқытылуын тексеру, қорытындысын талдау,  оқушылардың функц. сауаттылығын дамыту  жұмыстарының жүргізілуі.

Ақпан

Гуманитарлық пәндердің     МЖМБС сәйкес оқытылуын тексеру,     қорытындысын талдау,  оқушылардың функц. сауаттылығын дамыту    жұмыстарының жүргізілуі.

Сәуір

ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС ЖҰМЫСЫНЫҢ  ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫ


Мақсаты: «Педагог-инноватор» жобасы аясында ақпараттық-құзыреттілігі қалыптасқан шығармашыл ұстаздар қатарын арттыру арқылы сапалы білім көрсеткішіне қол жеткізу.

р/с

Мазмұны

Мерзімі

Жауапты

№1 әдістемелік кеңес отырысы

1

2021-2022 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатпен танысу, талқылау




Тамыз


2

2022-2023 оқу жылына арналған ғылыми-әдістемелік жоспарды бекіту, мектеп активтерінің қызметтік бөлінісін бекіту.


3

Оқу жоспарының вариативтік бөлімі бағдарламасын бекітуді жоспарлау


4

Пән апталықтарын өткізу кестесін бекіту


5

Озат тәжірибені тарату жөніндегі мұғалімдер ұсыныстарын қарастыру.


6

2022-2023 о/ж әкімшілік бақылау жұмыстарын, тестілерді жүргізу кестесін қарау және бекіту


№2 әдістемелік кеңес отырысы

1

Дарынды балалармен жеке жұмыс. Пәндік олимпиадаға дайындық барысы.




Қараша 


2

ББД «кіріс» бақылауын жүргізу және талдау, білімдегі олқылықтарды анықтау.


3

Сынып журналдарының толтырылуы, оқушылардың дәптері және оның сауатты жүргізілуі


4

Педагогтарды аттестаттауға дайындау, нормативтік құжаттарды зерделеу.


5

Пән апталықтарының, пәндердің берілу қорытындысын талдау, ұсыныстар беру.


6

Сандық білім беру платформалары: қолдану жолдары мен тиімділігі


№3 әдістемелік кеңес отырысы

1

Мектептің әдістемелік қызметінің І жартыжылдықтағы жұмысын талдау.



Қаңтар


2

Мектепте оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру есебі.


3

Пәндік олимпиадалардың қорытындысы, олимпиадалық резервпен жұмыс сапасы.


4

І жж бойынша білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу есебі.


5

Пән апталықтарының, пәндердің берілу қорытындысын талдау, ұсыныстар беру.


№4 әдістемелік кеңес отырысы

1

Курстан өткен мұғалімдердің жинақтаған іс-тәжірибесін талдау




Наурыз


2

ЕБҚ бар оқушылармен жұмысты ұйымдастыру есебі


3

PISA, TIMSS, PIRLS  халықаралық зерттеулеріне  дайындық барысы. Оқушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін жетілдірудегі басым бағыттар.


№5 әдістемелік кеңес отырысы

1

     Оқушыларды қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстары


Мамыр


2

Кәсіби желілік  қоғамдастық  есебі.


3

Мектепішілік  бейін алды жұмыстардың қорытындысы 


4

Пән апталықтарының, пәндердің берілу қорытындысын талдау, ұсыныстар беру.


5

Мектептегі  әдістемелік пән бірлестіктері  жұмыстардың     жылдық есебі










































«Бекітемін»

Мектеп директоры                    С.Әбуұлы


ПӘНДІК   АПТАЛЫҚТАР КЕСТЕСІ

2022-2023 қу жылы

Іс-әрекет мазмұны

Іс-әрекеттің әдісі мен түрлері

Кімдер қатысады, тартылады

Мерзімі

Орындалысын бақылау

Есеп түрі (қалай, қашан)

1

«Тіл ғұмыры-ұлт ғұмыры»


Он күндік іс-шара

Пән мұғалімдері

05- 16.09.2022

Жауапты орынбасар

Бірлестік жетекшісі

Анықтама

2

Алтын күз мерекесі мектепішілік іс-шара (2-9 сыныптар) 

Химия, биология пәндерінің апталығы (7-11 сыныптар)

Он күндік іс-шара, сыныптар бойынша көрме, түрлі деңейдегі сайыстар

Сынып жетекшілер, пән мұғалімдері

03-14 қазан 

Жауапты орынбасар

Бірлестік жетекшісі

Анықтама








3

Қазақ тілі, оыс тілі, ағылшын тілі пәндерінің апталығы

( 2-4 сыныптар)

Ашық сабақтар, коучинг, шеберлік сынып, вебинар, көрме,т.б

Пән мұғалімдері

14-18.11.2022

Жауапты орынбасар

Бірлестік жетекшісі

Анықтама

4

Химия, биология пәндерінің апталығы (7-11 сыныптар)

Ашық сабақтар, коучинг, шеберлік сынып, вебинар, көрме,т.б

Пән мұғалімдері

21-25.11.2022

Жауапты орынбасар

Бірлестік жетекшісі

Анықтама








5

Тарих, құқық, география пәндерінің апталығы                        (5-9 сыныптар)

Ашық сабақтар, коучинг, шеберлік сынып, вебинар, көрме,т.б

Пән мұғалімдері

05-15.12. 2022

Жауапты орынбасар

Бірлестік жетекшісі

Анықтама

6

Орыс, ағылшын тілдерінің апталығы (5-11 сыныптар)

Ашық сабақтар, коучинг, шеберлік сынып, вебинар, көрме,т.б

Пән мұғалімдері

16-20.01.2023

Жауапты орынбасар

Бірлестік жетекшісі

Анықтама

7

Математика пәндерінің     апталығы (5-11 сыныптар)

Ашық сабақтар, коучинг, шеберлік сынып, вебинар, көрме,т.б

Сынып жетекшілер

23-27.01.2023

Жауапты орынбасар

Бірлестік жетекшісі

Анықтама

8

Физика,     информатика  пәндерінің апталығы

Ашық сабақтар, коучинг, шеберлік сынып, вебинар, көрме,т.б

Пән мұғалімдері

06.-10.02.2022

Жауапты орынбасар

Бірлестік жетекшісі

Анықтама

9

Қазақ тілі мен әдебиеті пән апталығы                     

 (5-11 сыныптар)

Ашық сабақтар, коучинг, шеберлік сынып, вебинар, көрме,т.б

Пән мұғалімдері

13-17.02.2022

Жауапты орынбасар

Бірлестік жетекшісі

Анықтама

10

Математика (2-4 сыныптар), жаратылыстану пәндерінің апталығы (2-6 сыныптар)

Ашық сабақтар, коучинг, шеберлік сынып, вебинар, көрме,т.

Пән мұғалімдері

20-24.02.2023.

Жауапты орынбасар

Бірлестік жетекшісі

Анықтама

11

Көркем еңбек, музыка пәндерінің  апталығы (2-9 сыныптар)

Ашық сабақтар, коучинг, шеберлік сынып, вебинар, көрме,т.б

Пән мұғалімдері

06-10.03.2023

Жауапты орынбасар

Бірлестік жетекшісі

Анықтама

12

Дене тәрбиесі, АӘТД пән апталығы (2-11 сыныптар)

Ашық сабақтар, коучинг, шеберлік сынып, вебинар, көрме,т.б

Пән мұғалімдері

10-14.04.2023

Жауапты орынбасар

Бірлестік жетекшісі

Анықтама




















                                  Кестені жасаған оқу ісі жөніндегі орынбасар                        А.Таженова