Мектеп түлегі Тәжиев Асқар Сәрсенұлы

Өмірбаян
Тәжиев Асқар Сәрсенұлы 1991 жылы 9 ақпанда Қызылорда облысы Шиелі ауданы Майлытоғай ауылында дүниеге келген. Майлытоғай ауылындағы №141 Қапан Сәбіров атындағы орта мектепті 2008 жылы бітіріп, қыркүйек айында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің журналистика мамандығына оқуға түскен.
Мектеп қабырғасында жүріп аудандық, облыстық пәндік олимпиадалардың жүлдегері атанды. 2007 жылы Қарағанды қаласында өткен республикалық ғылыми жобалар байқауында ІІ дәрежелі диплом иеленді. Дойбы, тоғызқұмалақ ойындарынан облыстық жарыстардың жеңімпазы.
Жоғары оқу орында жүріп университеттің «Сыр түлегі» басылымында бір жылдай тілші болып жұмыс атқарды.
2010 жылы 1 ақпаннан бастап 2011 жылдың мамыр айына дейін республикалық экологиялық «Табиғат тынысы» газетінде тілші;
2011 жылдың маусымынан бастап 2012 жылдың сәуіріне дейін республикалық әдеби-мәдени «Әлімсақ» журналында тілші қызметін атқарды. «Әлімсақ» журналында тілші болып жүріп облыстың мәдени өміріндегі жаңалықтарды насихаттағаны үшін 2011 жылы облыс әкімінің «Руханият жаршысы» номинациясын иеленіп, алғыс хатын алды.
2011-2012 жылдары аймақтық «Ұстаз мәртебесі» газетінде тілші болып жұмыс істеді.
2012 жылдың шілде айынан 2014 жылдың 31 тамызына дейін Қызылорда қоғамдық телеарнасында редактор қызметін атқарып келді. Телеарнада «Шарайна» ақпараттық бағдарламасының дикторы, «Жастар және ...» ток шоуының жүргізушісі болумен қатар «Әкім сағаты» хабарын дайындауға атсалысты. Белгілі журналист Қази Данабаев атындағы дойбыдан БАҚ арасында өткізілетін турнирдің екі мәрте жеңімпазы. Зейнулла Жарқынбаев атындағы дойбы турнирінің бірінші орын иегері.
2014 жылдың 2 қыркүйегінен бастап облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Жаңалықтар қызметі» бөлімінде редактор. Телеарнада «Еңбек түбі - береке», «Мәслихат» бағдарламасының жүргізушісі, әрі редакторы.
2015 жылы Қазақстан Ресупбликасы Журналистер Одағының мүшелігіне өтті.
2015 жылы Жалағаш ауданы әкімінің алғыс хатымен;
2016 жылы облыс әкімі Қ.Көшербаевтың алғыс хатымен;
Әр жылдары облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметі бастығының алғыс хатымен; Қорқыт ата атындағы ҚМУ ректорының алғыс хатымен; Қазалы, Шиелі, Жалағаш, Сырдария ауданы әкімдерінің алғыс хатымен марапатталған.
2017, 2019, 2021, 2022 жылдары облыс әкімінің дипломымен марапатталған.
Отбасылы. Үш қыз, бір ұлы бар.