Мектеп түлегі Омашев Бейбіт Елемесұлы

Мен Омашов Бейбіт Елемесұлы 1972 жылы 25 сәуірде Қызылорда облысы Сырдария ауданы Сұлутөбе ауылында дүниеге келдім.
Ұлтым- қазақ
1979 жылы Сырдария ауданы 141 орта мектебіне қабылданып 1989 жылы бітірдім.
1989-1990 жылдар аралығында 1 Май савхозы 4 бөлімінде жұмыс істедім. 1990-1992 жылдар аралығында Совет Армиясы қатарында болдым. 1992-1994 жылдар аралығында СПМК 04 - ПМК 80 ағаш ұстасы болып жұмыс істедім.
1994 - 2004 жылдар аралығында Қызылорда қаласында Мемлекеттік Фельдъегерлік қызмет басқармасында Арнайы тапсырма жөніндегі аға инспекторы лауазымында қызмет атқардым. 2004 жылы Қарағанды облысы Жезқазған қаласына ауыстырылдым. 2008-2016 жылдар аралығында Мемлекеттік Фельдъегерлік Басқарма қызметінің Бастығының орынбасары болып қызмет атқардым.
2016-2018 жылдар аралығында Басқарма бастығы болып қызмет атқардым.
2018 жылы Наурыз айында Еңбек демалысына шықтым.
1998 жылы Қызылорда инженерлік - экономикалық институтына сырттай бөліміне түсіп 2008 жылы Болашақ университетін тәмамдадым.